ВЕРНУТЬСЯ

Мен – көз жасына қалған адаммын,Кімдікі екенін айтпаймын бірақ.Өмір базарына барғалы алаңмын,Өзгелер сынды қайтпаймын жылап. Өзгеге басын игізбес адам,Өтсе де кілең өкіндіріп көктем.Саусағымның ұшын тигізбей саған,Он алты жасыңда опындырып кеткем. Жарығым, сені жылатып кеттім,Көрсеқызарлықпен, көрсоқыр болып.Бәйтерегіңді құлатып кеттім,Көңілің мұңмен көрші отыр қонып. Байғұстың енді басын балталап,Арыған жанды азаптамаңыз.Жазықсыз қыздың жасын арқалап,Жанатын жанмын тозақта нағыз.Шаршаған арсыз жындылықтарданКүнәсіз жаның күрескір еді.Сыңғырлау жақта шыңғырып қалғанСенің даусыңды кім естіп еді?! Селеудей жұлған сезімнің шашынҚырттарға кімдер қынжылып еді?!Көкірегіңе тамған көзіңнің жасынКөктің суы емей, кім жуып еді?! Құйттайымнан-ақ құрылды қақпан,Шетінен тіспен шешіп көремін.Көтере алмай жүгімді батпан,Көз жасыңды әлі кешіп келемін. Сеп болар ма енді сенсіз жылулық,Серілігіндей жайын-жастардың.Мен қол тигізбеген меңсіз сұлулықМекер қатынға айырбасталдың.Сергелдең болған Сенім боздасын,Отыздан өте өлеңнен қалып.Тыныштық бермес сенің көз жасыңТүн баласына төбемнен тамып. Жан-жүйем еріп, ашылам сосын,Жас бала сынды жаншылады ма?!Пырсылдап жатып қосылам сосынТырсылдап тамған тамшыларыңа. Ана дүниеге асыға берме,Адасқан жүрек аңсары неден?!Жастықты шылап жасыма кейде,Талықсып оянам таңсәріде мен. Ақ боран соғып, бүрсеңдеседі,Аңғал да аңқау ақ қоян кезің.Кімнің көз жасы?!.Білсем де соны,«Түннің көз жасы» деп қоям өзім. Өзіме лайық жүгімді тартам,Аямас тағдыр «Ақынсың ғой» деп.Күпір боп, ақтап күнімді талтаң,Қайтемін босқа батырсып өйдеп?! Үш қыр астындағы үніңді, қалқам,Жәдігөйсіп қайтем «Жақынсың ғой»деп?!«Оқысаң осы жырымды, қалқам,Өзің де сезіп отырсың ғой» деп,Өзімді-өзім жұбатып қоямын...2010 жыл, 21 желтоқсан.Ақтау.