ВЕРНУТЬСЯ

Күнгейден тұрса жел демде,Киізі қағар қалбалақ;Керіп бір тіккен дөң жергеКереге көзді кең қанат. Шаңырағын шырқау тігіскен,Шарбағын торлап мықты емен.Күнге шағылған күміспенКүлдіреуішін күптеген. Сымбаты көкпен астасып,Сылаңдап сынық ай туып;Қауым боп қапты бас қосыпҚаламдап жонған қайқы уық. Қыр төсінен қол бұлғаларҚызыл орамалдан аумады:Самалмен жайлап ырғаларСамсаған басқұр-баулары. Көбеңсіп қалған көңілдіңКөп жұлдыз сүйді бетінен.Түнгі көк сәуле төгілдіТүрулі түндік шетінен. Әз-жанды тербеп жыр ыстық,Әуеден нәзік ән құлап;Ұйыған уыз тыныштықҰйқыға кетті балбырап…1990 жыл, 17 наурыз.Алматы.