ВЕРНУТЬСЯ

«Көңілім ақ, қолым таза,Іше алмаймын, іше алмаймын қара сүт.Қаралыққа мен қол берсем,Ағып түссін көзімдегі қарашық!».                                      (Меңдекеш Сатыбалдиев) Тәкаппар таумын –Жалауын қадап жақсылар жартастарыма жаны ізгі,Төсімнен тентек теңіздер тау-толқындарын ағызды.Ентікпей еркін шығатын елеусіз биік мен емес,Ескерусіз төбе тәрізді. Бәйтерек жанмын –Қара тасты да қақ жарып шығатын шынар сияқты,Ақтүтек дауыл тұрғызып, көкірегімнен күй ақты.Бозжайнақ мынау дүниенің бозбала-көңіл ұлымын,Бойына жиған ұятты. Теңіз мінезбін –Табиғатыма тән тентектік, жанымда жатыр ерегес,Кез-келген жанға күлкі емен, кекеткендерге келемеш.Теріп алғыштың жолында тезекше жатар шашылып,Тегін дүниең мен емес! Қайқы қылышпын –Жауымның жаны мұздайды – жасылданғанда жанарым,Жарқ етіп жалғыз сермеліп, аламан-ойнақ саламын.Қара жүрекке қол берсем, қасиеті атсын бабаның,Қақ бөлінсін ақ қаламым!..1990 жыл, 9 мамыр.Алматы.