ВЕРНУТЬСЯ

Сазы: Рахат Мәдіреевтікі.Мен сенің ғашық болдым жанарыңа,Жарқ етсе, жаның тыныш қалады ма?!«Жаныңды мұң баспасын, жарығым!» деп,Қараймын қайта-қайта қабағыңа.     Қайырмасы:Көңілімнің әні,Нұр-таңым менің,Өмірімнің мәні,Іңкәрім менің, жаным! Күйдіріп, қылығыңмен қызғандырдың,Сүйдіріп, жүрек шөлін жүз қандырдың.Көшпейтін көңілімде көктемдей боп,Өшпейтін өмірімде із қалдырдың.   Қайырмасы:Жүрегімнің гүлі,Лағылым менің.Көңілімнің күні,Жалыным менің, жаным!Ғашықтық – ғаламат бір күйік екен,Көңілі сүйген жанның биік екен.Ел сені не десе де, о десе де,Мен сені өмір бойы сүйіп өтем!    Қайырмасы:Көңілімнің әні,Нұр-таңым менің,Өмірімнің мәні,Іңкәрім менің, жаным!2004 жыл, 15 сәуір.Ақтау.