ВЕРНУТЬСЯ

(Өшпенділік осылай туған) Ай жалаңаш тәнін тосып алдыма,Шалқасынан жатыр, әне, шалжиып.Жалаңаш Ай жан салмағын салды да,Ауырлықтан әбден ақжем болды иық. Қап-қара бір қан саулады сонда одан,Бір жалаңбұт жұлдыз маған жүгірді.Өшпенділік – өз анасын қорлағанМаңып жүріп, маңдайыма тығылды. Сорлы маңдай...Тұтас тәні түршігіп,Солып қалған гүлге айналды ол дереу.Тегершігін кері бұрды тіршілік,Жібіместей мұзға айналып Жер-бедеу.Сосын менің солып қалған маңдайымЖанарынан жай оқтарын ұшырды.Тар шөл жаулап таза бұлақ таңдайын,Қара тер боп, қайран Дүние қысылды.Жауып тұрды жалаң найза – жай оғы,Қаламдағы қара сия – қып-қызыл.Жазық маңдай – жауыздықтың мәйегі,Жап-жасыл бір жайра одан шықты ұзын. Жасыл жайра аумайтұғын адамнанЗәһар шашты жалғыздығын ұғынып.Үсті-басы істік темір қадалғанБір жалаңбұт жұлдыз жүрді жүгіріп...1991 жыл, 8 желтоқсан.Алматы.