ВЕРНУТЬСЯ

«Жаманнан туған жақсы бар –Атасын адам айтса, нанғысыз.Жақсыдан туған жаман бар –Күндердің күні болғанда,Бір жарамды теріге алғысыз..»                                             (Махамбет) «Жаманнан жақсы тумайды!»                                             (өз пікірім) Қасиетсізден хас таланттарға дарып дем,Тексізден тентек туғанда,Қасында, қалқам, болып па ең?!Өзің-ақ айтшы, жарқыным, жарқырап тұрған асылдыЖаман қатынның жатырын жарып алып па ең?! Айнала мынау әлемненАрсыздық пенен имандылықтың күресін,Ажал мен арман айқасын көріп жүресің.Тағы да келіп, таласасың-ау, жарқыным,Тақырға талант тамыр жаймасын білесің.Қанында қасиет жоқтардан, көңілі былық боқтардан –Жаманнан жақсы тумайды!Бір жақсы туып, бабаның баяғы кегін қумайды.Түндейін тұнық, тіл-көзің тиер мөлдіргеУ құйсаң, барлық ұлы сезімдеріңді улайды. Апанда арлан тұншыққан – әруағын арыстан шақырса,Ар жағында бар бір тектілік – аспандағы айға ол атылса.Сенбеймін – егерМахамбет бабам айтқандай,Сенен де бір күн қарағай діңді қайсар ұлДүниеге келіп жатырса...1991 жыл, 31 наурыз.Алматы.