ВЕРНУТЬСЯ

Жырымды менің оқыңдар –Ала бұлттардың арасында бір күн аунап,Түстікке қайтса тырналар тобы тыраулап.Аққулар аңсап айналып ұшса төбеден,Алқара аспаннан ақ сезім толы жыр аулап. Жырымды менің оқыңдар –Көкала түйдек кеудемнен керуен көшкенде,Тұнып бір қалған ауадай тымық кештерде.Алғаусыз жанды тербеген алау-сағынышАрқадан соққан ақ самал болып ескенде. Жырымды менің оқыңдар –Бал-қайыңдардың бала-жел сипап шашынан,Тар кеуделерде тал-қуаныштар тасыған;Әр кеуделерде ән-қуаныштар тасыған,Бар кеуделерде оянған сәтте ғашық-ән.Жырымды менің оқыңдар –Дала пейілімен иіген сәтте түз-анам,Құшағын ашып, құрсауын жазса құз-аран.Жидеден шапқан қақсауық қара домбыраныңҚайың тиегі қақ бөлінгенде ызадан. Жырымды менің оқыңдар –Көкірек толы қыстығып мұңмен көркеуде,Жыларман болып, жынданар сәтің келгенде.Шерлі көңілің сеніп ешкімге шешіле алмай,Сенделген кезде шерменде болып, шерменде. Ақиық болып жаралады ғой ақындар,Көре алмайтұғын көкірегі түнек соқырларОрақ-тілімен ормандарды өртер отым бар,Шыға алмай кеткен шоқтығы биік шоқым бар –(Айтуға мұны хақым бар),Жырымды менің оқыңдар!..1990 жыл, 26 наурыз.Алматы.