ВЕРНУТЬСЯ

Аямай-ақ жанымдыАйттың маған «Келме» деп.Ұмытып қап бар үнді,Ән үйрендім мен бөлек.Есім екі жарылды,Сен – басқа да, мен – бөлек. Мұңды ән еді ол керемет,Мұңға жаның шөлдейді, ә?!Айтып-айтпай не керек,Аянышты ән келді ойға. Шырқай бердім сол әнді,«Шын сазым, – деп, – өзімнің» –Сыйдырып ап ғаламдыКөлеміне көзімнің. Артықты, әттең, көрмеймінАумағынан көзімнің.Аласұрып,ШөлдеймінАқ құмында Сезімнің. Көзім менің көр болғыр,Күлгін сәуле болса өткір;Көтеріліп Жерден бір,Көк бұлттарға кетсек бір. Есалаң бір ой келді,Ерекше нұр шашылып:Жанарыма бейнеңдіҚояр ма едім жасырып?!1992 жыл, 13 наурыз.Алматы.