ВЕРНУТЬСЯ

Өлең өлең бола ма –Өртемесе өзекті?!Өмір дейтін, жан аға,Өңез тірлік мезі етті. Көкірегіме күл толды,Көрінбейтін күш құрсап.Көкмұрын боп жыр тоңды,Қанаты сынған құсқа ұқсап. Адам адам бола ма –Өртенбесе өзегі?!Көңіл бір күн, жан аға,Сілкінерін сезеді. Қарап тұрсаң былай, ә,Бәрі өзгере береді.Көктем сайын, Құдая,Ғашық болғым келеді.1991 жыл, 21 наурыз.Алматы.