ВЕРНУТЬСЯ

Мінгенім – қызыл ма екен, қылаң ба екен,Қызығып тәмам елім тұрар ма екен?!Қасынан ақмаңдайдың ауылыныңӘн салсам, әз қалқаға ұнар ма екем?! Тартқаным – «Ақжарма» ма, «Адай» ма екен,Аузыма алқалы топ қарай ма екен?!Беу, жалған, қызы да көп, қызығы көп,Дариға-ай, сені қиып қалай кетем?! Салғаным – «Гауһартас» па, «Айдай» ма екен,Өзекті өрт-өкініш жайлайды екен.Жақсыны жауыз ажал қоймайды екен,Қара жер қанша алса да, тоймайды екен. Алғаным – ару ма екен, арман ба екен,Арманда талай пенде қалған да екен.Дүбірлеп өрісі ауған киіктейін,Дүние – өткінші бір жалған да екен. Кигенім – кемер белдік, кең бешпет пе,Беу, тағдыр бейшарамен белдеспек пе?!Бұлтартпай қалай айтқан бұрынғылар:«Бұл жалған қайта айналып келмес» деп те. Үкілі домбыра ма – ұстағаным,Үзілтіп салған сазым, құштар әнім?!Баянсыз тіршілік-ай, байлауы жоқ,Жүзіндей қылпылдаған ұстараның. Басымда – бұлғын, сусар бөрік пе екен,Бұл адам сұм дүниеге жерік те екен.Бір күні мен де өтермін,Бұл өміргеТәңірмен тартысуға келіп пе екем?! Жарлының жырым-жырым бөрігіндейСетінеп, тоз-тоз болды сенімім кей…...Аспанда сыңар аққу айналып жүр,Ақшамда алағызған көңілімдей...1990 жыл, 26 наурыз.Алматы.