ВЕРНУТЬСЯ

«Көресім бар көлеміндей маңдайдың..»                                  (Мейірхан Ақдәулетов) Көкжиегін сезімніңКөп тамшымен жуар Күн.«Көргіш бол» деп, көзімдіКөк теңізге суардым. Кеңіп кетті жер бірден,Керемет күйге ендім мен......Сорлап қалған сол күніСоқыр маңдай көрдім мен. Аймалап бір арам дем,Айрылдым бар әлден:Жанарымды жұлып ап,Жапсырып ем оған мен – «Тер сасыған қолдарынТереңіме сұқты ол» деп,«Тексіз неме, жоқ бол!» деп;Қалғанымда жер сипап,Қақ маңдайдан тепті ол кеп!..1992 жыл, 13 наурыз.Алматы.