ВЕРНУТЬСЯ

«Ақынға керек асаулық пенен ақыл көп»,Ақ сезімімді айтпауға ешбір хақым жоқ.Қасыңда жүрген қалай жыршы боп кетпеген,Оқығандар да ойланып жатыр ақын боп. Қырмызы қызыл қызғалдақтарын жиып ап,Қырларға шықсам, сен жоқсың, жаным, қиын-ақ.Төбесіменен аспан сүйеген таулардан«Төлеген» деген төбенің өзі биік-ақ. Сандалма ойлар сарсылтқан мынау санамдыСезімім тербеп, сен болып сәтке жаралды.Күмбезді аспан көгінен жұлдыз құлатқанКөзіңмен сенің көргісі келер ғаламды. Қарашы мынау қамқа тон, пүліш қырымды,Қарауыл-таулар иығына ілген күнімді –Елтіме жанды, еліктей іңкәр дүниеЕсіме салды Ертістей ерке жырыңды. «Кел, сүйші бір» деп, самалға тостым бетімді,Керімсал демі кержағал мұңды кетірді....Тіршілік тілі «Сөйле» деп, сәтке сөз берсең,Төлеген болып төгіліп кетер секілді.1990 жыл, 9 мамыр.Алматы.