ВЕРНУТЬСЯ

(О дүниеліктің ойлары) Қаны бойда қызынған,Көргеннің көңілі бұзылған;Қарш-қарш шайнап ауыздығын,Қара жерді қарпыған;От орнындай тұяқпенОйнақтап, тасты тарпыған;Қашық жолға қажымас,Қайрат ескен зарпынан;Жерді сызған құйрығы,Жүгіргеннің жүйрігі,Жұмыр жон талай арғымақБізден де қалған, қарағым! Құлындайын құлпырған,Сыңайына сыр тұнған;Көзіне назы ұялап,Көркіне дүние қараған;Селт еткізіп сезімді,Семсермен шашын тараған;Бас ұрғандар бағасынБар әлемге балаған;Сұғынғанның нұр-таңы,Сұлулардың сұлтаны,Ақмаңдай талай аруларБізден де қалған, бауырым!Адырнаны аңыратқан,Сайгез оқты сарнатқан;Кері сөйлеген дұшпанменКерілдесіп, керіскен;Қанжығада қағысып,Тебінгіде тебіскен;Теңіз боп аққан теріңдіБалдай татып, жер ішкен;Бет күйдіріп айбатың,Беттетпеген қайратың;Елеулі талай ерліктерБізден де қалған, қарағым! Ақ домбыраң асынып,Ақпа жырың тасынып;Әлеуметтің алдындаӘуелетіп ән салған;Әніңе ұйып, «Әу» десіп,Әлпештеп елің қарсы алған;«Бағың жансын!» дегізіп,Бата алғызған бар шалдан;Тілдің майын тамызған,Жыр арнасын ағызған,Апшыған асау ақындықБізден де қалған, бауырым!Шаршы топта сайраған,«Қой» десе де, қоймаған;Құмыр құстай құйқылжып,Құлақтың құрышын қандырған;Жүгіртіп көздің жанарын,Жүректің отын жандырған;Тамағын жыртып ән салып,Талайды естен тандырған;Теңі жоқпен теңдескен,Сезімінен сең көшкен;Сенделген талай серілікБізден де қалған, қарағым! Кімді күтіп, кідіріп,Кімнің зарын ұғынып;Кімді тыңдап, сыр жарған,Кішірейіп бұл жалған?!Қаңғыр-күңгір сөйлейдіҚазір менің қабірім.Желден жүйрік уақытБір сипатпай сауырын;Берекесі жоқ, беу, дүниеОсылай бір өткен, бауырым!..1990 жыл, 9 мамыр.Алматы.