ВЕРНУТЬСЯ

Сен бүгін келіп кеттің ...

Сен бүгін келіп кеттің –Омырауымды жалынға көміп кеттің.Осыған дейін «Сен мені ұмытты» деп,Өзіме-өзім өтірік сеніп кеппін. Сен бүгін шырқадың ән –Қанып ішіп сезімнің бұрқағынан.Іздегенімді тапқандай мен отырдым,Көз ала алмай көңілдің іңкәрінан.(Сен ән салсаң, жұлдыздан нұр тағынам). Сен маған көз тастадың,Жарқ еткізіп жанардың алдаспанын.Көзбен ғана ұрлана ұғыстық біз,Қажетсінбей шұбырған сөз дастанын.Көз тастадың...Сол шығар қоштасқаның. Сен бүгін келіп кеттің –Күңіренген күйімді көріп кеттің.Ұмытылған өткен күн елестерінҰсынған қолдарыңменҰстатып беріп кеттің......Сен бүгін келіп кеттің..

Аямай-ақ жанымды...

Аямай-ақ жанымдыАйттың маған «Келме» деп.Ұмытып қап бар үнді,Ән үйрендім мен бөлек.Есім екі жарылды,Сен – басқа да, мен – бөлек. Мұңды ән еді ол керемет,Мұңға жаның шөлдейді, ә?!Айтып-айтпай не керек,Аянышты ән келді ойға. Шырқай бердім сол әнді,«Шын сазым, – деп, – өзімнің» –Сыйдырып ап ғаламдыКөлеміне көзімнің. Артықты, әттең, көрмеймінАумағынан көзімнің.Аласұрып,ШөлдеймінАқ құмында Сезімнің. Көзім менің көр болғыр,Күлгін сәуле болса өткір;Көтеріліп Жерден бір,Көк бұлттарға кетсек бір. Есалаң бір ой келді,Ерекше нұр шашылып:Жанарыма бейнеңдіҚояр ма едім жасырып?!1992 жыл, 13 наурыз.Алматы

Мұң

 Көпке дейін көнермейді жан сезім –Көңіліңнің айдынына кім қонса.«Келме» дедің,Келмес едім – сол сөзің,Сызып таста жүрегіңнен, шын болса. Жерге түссе, жедел еріп тыста қар,Бақытсыз ғой – бала қайың жылап тұр.....Осы сөзің рас болса, ұстап ап,Сол төртінші қабатыңнан лақтыр! Мұнда ешқандай жоқ көңілді көрініс:Мұнар тарқар –Мұңаймаңыз, жапырақ!..Қиналдың-ау...Қиял, сәл-пәл шегініс –Қимас көзбен қарап тұр ол бақылап... Құлазыма, құлағың сал, қу бұта,Қалқам, бұлай қайғырмайды мұндайда......Жанарымнан жетім-жұлдыз сырғыта,Қайтып барам...Батып барам мұңды ойға... ...Жігерсіз-ау,Жіберме ойды еркіне

Еске алу

Кей-кейде сізді бетке алып,Кешкілік үйден шығатынбыз.Жадыңда бар ма, жоқ па анық,Төртінші қабатта тұратын қыз?! Кездейсоқ сені сүйіп пе ем,Кеудеге сезім қалғандай қонып.Қол бұлғаушы едің биіктен,Қолым жетпейтін армандай болып. Жүрегің жібіп бір демде,Санаңды жаулап, сағындыра алмадым.Төрт жылдай бірге жүргенде,Төртінші қабатты бағындыра алмадым. Ақ бұлтпен, жырым, астасқан,Аспанға асау қарғындай атыл!Қойныңды маған ашпастан,Қол жетпей мәңгі қалдың ғой ақыр. Дәруіш-дүние, дәл білсем,Бір опа көрмей өтем бе өлеңнен?!Оқжетпесім боп қалдың сен,Желжетпес-қиял «Жетем» дегенмен. Көңіліме қаяу салды

Страницы