ВЕРНУТЬСЯ

Азаматты аялау

Мал өргенде тақта қырға,Маң даланы тез бояп от;Кесіп жолын жатқанындаКедергілер кез мая боп – Тұяғымен жара көкті,Тұрысы бір нар пішіндей;Ақ арғымақ аман өтті,Аяғына қан түсірмей. Жарық дүние жан ауыртып,Жан біткенде жас қабырға;Қарлы шыңдар қарауытып,Қақпан-тасын тосқанында – Тойың тарқап, тоналды бақ,Тобыр кілең, қайда қалдың?!Аман өтті ақ арғымақАранынан айдаһардың.Сығыр тағдыр сынар тағы,Соқпағы мол сан бұралған.Құлаш-құлаш қыл арқанынҚұрғанында тор қып алдан – Өлуге адам жаралған-ды,Қалай аман қалар жаның?!Ақ арғымақ аман қалдыАлдауынан арамзаның. ...Жетісесің, жел, несіне-ай?..Жоғалға

Үшінші көз

«Маңдайың ашылсын!»                                  (Бата)(Башкарға)Үшінші Көз...Үшкіл болып бітеді ол,Қашан бітеді?Ал күте бер, күте бер!..Жоқ, қарағым!Оны саған ешкім әкеп бермейді,Және тағы дөңгелек боп келмейді.Бітеді ол ұшындай боп найзаның,(«Дөңгелек» деп дау айту...Ол қай сарын?!) Мүмкін сенде Үшінші Көз бар шығар,Жас ақпайды, ақпайды одан тамшылар.Оның нұрлы жанарыТәңір жаққа тартылған аппақ жолға шаншылар.О дүниеде төгілгенмен лағылдар,Мұнда одан қарақошқыл қан шығар. Өзінен өзге сенетіні,Алладан басқа арқа сүйері жоқ,Бәріміз де – жалғыз-жалғыз қураймыз.Қайран «Ғұмырнамамыз»...Қай

Күнәһар

«Кем болмаспын кертартпа ойлар аманда,Керегі жоқ оның маған, саған да;Келіп-кетер пайда да аз ғой одан да» –Зымияндық зынданына қамадым,Жылт еткен бір жақсы ой болса санамда. Тар төсекке талғажау боп бар түнім,Таңдайдағы сілекейіме малтыдым.Ындын кеуіп, жалақтаған жалқымын.Ыс денеме ыссы қасық басқандай,Ышқынып кеп айқайлады алқымым. Удан өлгір,Ұқтың мұнан сен нені?!Құшақтаудан жеркенеді Жер мені –Жеркендірер мерез жара мендегі.Тірлігімнің тілі шыға бергенде,Ірілігім көз алдымда көлбеді.Қарауытқан жанарларды бағып құр,Қабарытқан жүзіме әкеп жағып күл;Қайғы-есікті қамсыз күлкі қағып тұр.Қара

Өлу

Салбөксе-ойдың арам қандарын ағызған,Сана төзімі – сарытап, көнбіс сағыздан;«Ғажайып нұрын шашам» деп келіп, шалдықты-ауҒарыштан келіп, ғаламға қонған ғазиз Жан... Жан мұң шақты:«Ұяты кетіп, жабағы жүндей ұйысты ел,Жиіркендіріп жиілеп кеткен сүйістер;Кеңсірігімді керіп бір, жара жаздадыАңқыған арсыз, ылығу, лас иістер.Әу баста менің әруағым үстем, қызғын-ды,Әңгүдік тірлік мұңды жүректі мұз қылды.Санасыз өңшең сағатпен өлшер уақыттыСарыуайымның кілегейіне жүздірді. Сансыз қылмысты санап жүр дейсің сатылап кім?!Ар-көйлегін ағашқа ілді олар атыраптың.Тұңғиығына тұншыға батып барамынТүу түбінен

Ақтық дем

Қақ маңдайға қара балта қадалды –Беу, тіршілік,Жан берісіп, жан алды.Елеп-ескер, ей, тәкаппар Дүние,Жатырыңды жарып шыққан балаңды!Күллі әлемге күле қарап көгіс НҰР,Күлгін түсті шілтер-ауаға оранды. Ұстарадай тілгіледі тілсіз үн,Ұғынсаңшы рухымды, Мұңсызым!Тұрағы жоқ ТҰЛ-СЕЗІМІМ ғаламныңТұтас ерітердей болып тұр сызын.Сигектетіп сідіктерін шаптырдыСірне-сірне бетіме кеп кіл шыжың. Әбжыландар кіндігімнен жұлқылап,Әлі күнге миды шағар бір СҰРАҚ.Ала анау бір алқызыл тіс, ақ иекШаштарымды шайнап жатыр ұртына ап.Қызыл тілге қыздырып кеп басадыБілеудейін темірлерін бір шырақ.Бір кесек ет – бітеу

Страницы