ВЕРНУТЬСЯ

Аспанкөз

Обалына қалған талай жас тәнніңО баста мен қара түннен қашқанмын.Жыпырлаған жұлдыз толды көзіме,Түнегіне қарай-қарай аспанның. Қара маған –«Бізге де от бергей!» деп,Маңғазсынба,Маған десең, көрмей кет!Жүрегімде жұлдыз жаққан сөнбейді от...Аспанымнан құлаған сол ақ жұлдызМаңдайыма жарасса ғой меңдей боп. Жаз-мекенім – жалпақ жаһан Жер еді,Ғалам мынау – ғарыш Көктің сенегі.Жанарымды жұлдыздарға толтырып,Жалғыз өзім кезіп кеткім келеді.Көк-Тәңірі көкірегімнен теппеді,Жер-Жаратқан: «Жетесіз ұл, кет!» - деді.Өз көзіме жұлдыз іздеп жүргенде,Өшіп қалды жұлдыз біткен көктегі. Мұнарамды Мұңалжармен

Сұлулықты жерлеу

(Өшпенділік осылай туған) Ай жалаңаш тәнін тосып алдыма,Шалқасынан жатыр, әне, шалжиып.Жалаңаш Ай жан салмағын салды да,Ауырлықтан әбден ақжем болды иық. Қап-қара бір қан саулады сонда одан,Бір жалаңбұт жұлдыз маған жүгірді.Өшпенділік – өз анасын қорлағанМаңып жүріп, маңдайыма тығылды. Сорлы маңдай...Тұтас тәні түршігіп,Солып қалған гүлге айналды ол дереу.Тегершігін кері бұрды тіршілік,Жібіместей мұзға айналып Жер-бедеу.Сосын менің солып қалған маңдайымЖанарынан жай оқтарын ұшырды.Тар шөл жаулап таза бұлақ таңдайын,Қара тер боп, қайран Дүние қысылды.Жауып тұрды жалаң найза – жай оғы,Қаламда

Таным

«Дүние-ай!» деймін –Дүниенің бәрін сол сөзгеСыйғызып жіберердей сызданып өңім, шіреніп.Пенденің бәрі қазіргісінен болса өзге,Тұрар еді әлем түнеріп емес, нұр еміп. «Арман-ай!» деймін –Армандарымның баршасынАспан-көкпенен астастырып-ақ тастардай.Дегендей Дүние: «Сағымды қуып, шаршасын»,Демімді бастым.Бар жолым қалды басталмай. «Жалған-ай!» деймін –Жалғанның жалған екенінЖаңалық етіп жариялағандай жаңа мен.Сайқал-дүние көтеріп қашып етегін,Алдамшы бояу жағып алыпты ақ әлем.«Құдай-ай!» деймін –Құдайды көзім көргендей,Құрғыр жанарды «Құс жолы» жаққа ұзатып.Тәңір-ай, сені тәрк етіп кетті-ау пенд

Сезіммен семсерлесу

Пенде неткен өзімшіл!Ісім – ірік, қылығым – қу, сөзім – шын.Ей, есалаң, есімі көп ессіз от!Мен түгілі, Сен деген –Сергейді де сенделдірген Сезімсің. Ал, қызыл от, жалаңдаң!Сен олайша сайқалсыма, жаман қар!Әп-әдемі ат қойыпты-ау адамдар.Бұлаңдама!Құйрығыңа шоқ басып,Салам қазір Сабыр атты табанға. Сенің тәтті, улы үніңнен, Жалғандық,Қолдан семсер түскенінше қорғандық.Жетер енді!Желкеңді үзем, жезөкше,Көп дәндепсің –Көмек керек болса егер,Көз жасыңды делдал қып.Әй, салдақы!Әйел-тілмен арбама!Әркімді де әулекі етер Сен ғана.Тұтқынымсың.Тулама да, улама,Тұмсығыңды бұзатынТуған шығар ер бала.Жет

Зауал

Ақымақтай әруақтан зат ұрлағанАқыр түбі жынданады бұл ғалам.Бақсы-биге басып сонда барлығы,Жақсы күнге жақындайды бір қадам. Мызғымайтын мрамордай шындығы:Мына ғалам жынданады бір күні.Күптей болып көзі іскен Күн төбеденКүл шашады ажал аңсап ындыны. Жауыз тістер,Жағыңды жап, зарлама!Жарық нұсқар жалғыз соқпақ сол ғана:Аман қалмас ақ қарғысқа жолыққан,Арсыз қолдар, алақан жай Аллаңа!Ал шулаңдар!Ұқсас үндер, ұлып бер!..Талқан етер тау-мүрдеңді қылып төр;Тәжім етпей киесіне Тәңірдің,Тәуекелің мықты болса, тұрып көр! Жалпақ ғалам жан біткенге жауығар,Аз күн қарны тойынса да ауырарЕй, пенделер,С

Страницы