ВЕРНУТЬСЯ

Тіршілік

(мысал)«Әлемге болып жарты құт,Күлмеңдеп күлсе Күн шығып;Іңірде қайта Ай туып,Жалғасып жатқан Тіршілік..»(Балта Қосбармақ) Ай мен Күннің арасында от тасып,Айла-түлкі «алжығанда» тоқтасып;Тартылғанда амалының арнасы,Тауық-шыдам тызақтады шоқ басып. Жер қозғалса қозғалмайтын нар текті,Тезіне сап, тез түзейтін тентекті;Салмағынан қайысатын қара жерСабыр деген сары қақпан сарт етті. Асығысқа апан дайын қайда да,Беу, төзім-ай, бассыз құсты байлама!Сабыр-қақпан сабалатқан қанатынЖелік-шыдам жем болды кеп Айлаға.Кеш өкініп, соң сілтейтін келтекті,Марғау иттер жатқан тыңдап ертектіАттан салып, ауыл

Шөл

Ару-Күн тағы арайын төгіп үлгеріп,Ақша қар-сезім ағып та кетті су болып.Асфальт жолдарын Алматы деген шаһардыңАқкөңіл арық, аямай енді жу келіп! Қыртысын жазып, құрсауын сөгіп Қысыңның,Қиыр көгіме қырандарыңды ұшырғын.Қылшылдап тұрған, қылпыған қылыш-Ашу даҚынабын қайта құшатындығын түсіндім. Тершітші бүгін дүниенің тақыс маңдайын,Тегістей гүлге оранып жатсын шалғайым.Тағы бір жушы,Сезімім жүр ғой сенделіп,Тазалық деген кәусарға шөлдеп таңдайым...1991 жыл, 1 ақпан.Алматы.

Тектілік

«Жаманнан туған жақсы бар –Атасын адам айтса, нанғысыз.Жақсыдан туған жаман бар –Күндердің күні болғанда,Бір жарамды теріге алғысыз..»                                             (Махамбет) «Жаманнан жақсы тумайды!»                                             (өз пікірім) Қасиетсізден хас таланттарға дарып дем,Тексізден тентек туғанда,Қасында, қалқам, болып па ең?!Өзің-ақ айтшы, жарқыным, жарқырап тұрған асылдыЖаман қатынның жатырын жарып алып па ең?! Айнала мынау әлемненАрсыздық пенен имандылықтың күресін,Ажал мен арман айқасын көріп жүресің.Тағ

Қырық екі

Жетіқарақшы, Темірқазық, ҮркерденБасқа жұлдыз танымайтын бала едік.Бата алдық та Үркерден де Үлкеннен,Көп жұлдызым сала берді көнеріп. Ашатаяқ «А»-дан өзге қаріпті«Таяқ-ау» деп танымайтын тас ми ек.Арқасында қырық екі әріптіңҚыздарға да хат жаздық қой бас сүйеп. Кері бетін көрсетеді кей өңір,Жазира-жер жайқалтпастан желегін......Қырық екі қыртысыңды,Ей, өмір,Оңдырып бір оқи алмай келемін1992 жыл, 14 наурыз.Алматы.

Өмір

Өзгерткіш һәм өшіргіш кіл кездерімӨз ізімен ұмыттырды өткенді.Көңілсізбін, көк мақта боп көздерім,Күте-күте Көктемді. Мықырайып, домаланған мықыны,Одыраяр орыс сағат-шоқындым:Тағатымды тауысты әбден тықылы,Таяғындай соқырдың. Келіншегім екеуіміз кей уақтаКері қарап отырамыз ұрысқан күн.Өмір жолы оратылар аяққа,Шалмасындай христианның. Бұла жүзді көлегейлеп бұлт еппен,Тас төбемнен тақыс Шалың қарап тұр.Өмір мынау –Өтіп жатқан бір темппен,Тықылындай сағаттың. Ақыр бір күн басымыздан ауатын,Іздегенім – дүниенің шындығы.Тыным таппай, тықылдайды сағатым,Тоқтар о да бір күні...1992 жыл, 14 наурыз

Страницы