ВЕРНУТЬСЯ

Сағыну

Сағынам сені –Самала жырлар жарқырай жанып жанымда,Сарқырамалар сарқырай ағып қанымда.Сағынам сені, осынау Нұрлы Дүние,Сағынбай, сірә, тіршілік бар ма дарынға?! Сағынам сені –Самалдар өбіп, жүзіме ессе жылы дем,Саздарым өніп жүректің терең түбінен.Сағынам сені,Сағынған сені сәттердеСары айшық өрнек туарын сонда біліп ем. Сағынам сені –Сарғайып атқан бозала бояу таңдарда,Сағынар, сірә, өзіңді мендей жан бар ма?!Сағынам сені, осынау Нұрлы Дүние,Сағынышым менің айналып мәңгі Арманға.1989 жыл, 9 қараша.Алматы.

Ел және мен

Біріне – зар, біріне – ән ұялағанӨмір деген қос арна – дарияда ағам.Жасық жырды «Атыма кір келер» деп,Жазбаймын мен,Жазсам да, жарияламан. Жырмен емдеп өмірді мұңы қалың,Күйігіне күллі елдің булығамын.«Кір келетін болса егер есіміме,Кір келгені еліме» деп ұғамын;«Кірленгені елімнің» деп ұғамын. Сондықтан да жазбаймын жасық өлең,Кеуделерге тасқын боп тасып енем.Жүректерге жалын боп құйыламын,Омырауымды ағынға ашып өлем. Қайғы селі қаптаса, байсал қалып,Қарсы жүзем толқынға қайсарланып.Елім менің – өйткені, ер мінезді,Халқым менің – өйткені, қайсар халық. Елім менің – жаралған, нәр алғаным,Ар

Ашынам...

(Марқұм ағам Ысанның әруағына)Ашынам –Асқар таулардың аласарғанын көргенде,Жаз-көңіл жанға жауыз тілдердің жара салғанын көргенде.Ашынам қатты – аяқасты боп ақиқат жатқан шақтарда,Ар менен арзан ойлардың ара салмағын көргенде.Ашынам қатты –Шер-көкірегім шерменде болып, шерменде! Ашынам –Ақылынан айғайы, ойынан ойбайы көп жандардыңДау қуып жүріп, дарынды жыққан кездерін көріп қалғанмын.Түсінігі таяз, санасы саяз сорлыларЖалтырақ тағып, жалаңдап жүр-ау,Жалпағын жаншып жалғанның.Ашынам, міне, осындайларды көргенде,Ашынам қатты –Шер-көкірегім шерменде болып, шерменде!Ашынам –Ананың сүті, атаның

Күйзелу

                   (Башкарға)Азап кешірген жаныма азам жетіп жүр,Май ішкен жандай соңғы кез мазам кетіп жүр, жан аға.Тәуелім қайтты Тәңірден –Бірі қабыл болмай тілектерімнің,Жүнжіп те кеттім соңғы кез, жүдеп те жүрмін, жан аға! Сартап бір ойлар сарсылтып пұшайман жанды,Санамды улап, танымды тұсаулап алды, жан аға.Тәрк болды бәрі – Тәңірдей сыйлағандарым,Тырнақтап құрап, тірнектеп жинағандарым, жан аға. Алтыннын қымбат, аһ, дүние, қу бақыр құның,Уылжып тұрған бал шағым у татыр бүгін, жан аға.Иманнан ізгі сезімім – ит-тірлік енді,Ит болып мен де бір сәтке итке үргім келді, жан аға. Шыбыртқы-ү

Адамдар, аялаңдар...

Адамдар, аялаңдар –Жүдеп кеттім.Жүдеп кеттім –Ықыласын тілеп көптің. Адамдар, аялаңдар –Азып кеттім.Азып кеттім –Қайтыпты, қажыпты екпін. Адамдар, аялаңдар –Қажып қалдым.Қажып қалдым –Санамды қажытты әр күн. Күледі қолын бұлғап,Сонау шыңдар...Сонау шыңдар...Жастығымды оралтыңдар.Оралтыңдар!..1988 жыл, 3 қазан.Сыңғырлау.

Страницы