ВЕРНУТЬСЯ

                   (Башкарға)Азап кешірген жаныма азам жетіп жүр,Май ішкен жандай соңғы кез мазам кетіп жүр, жан аға.Тәуелім қайтты Тәңірден –Бірі қабыл болмай тілектерімнің,Жүнжіп те кеттім соңғы кез, жүдеп те жүрмін, жан аға! Сартап бір ойлар сарсылтып пұшайман жанды,Санамды улап, танымды тұсаулап алды, жан аға.Тәрк болды бәрі – Тәңірдей сыйлағандарым,Тырнақтап құрап, тірнектеп жинағандарым, жан аға. Алтыннын қымбат, аһ, дүние, қу бақыр құның,Уылжып тұрған бал шағым у татыр бүгін, жан аға.Иманнан ізгі сезімім – ит-тірлік енді,Ит болып мен де бір сәтке итке үргім келді, жан аға. Шыбыртқы-үрей қамшылап жаралы жанды,Қара жыландай қарау ой оралып алды, жан аға.Жай адам түгіл, Жаратқан шеше алмайтұғынСауалдар сансыз...Айқай-шың тұрсын, адырдан аса алмайды үнім, жан аға. Кеудемде мынау сөнгендей мәңгілік таңдар,Жеті атаңды да оятқан жаңғырықтар бар, жан аға.Не деген азап – шайтанның шашындай ұзақ,Жалт етіп аққым келеді, жасыңдай ұзап, жан аға. Мен қайтсем екен?!Бомба боп жарылсам ба әлде,Тыншыр ма жаным – тозақтан арылсам сәлге, жан аға?!Кеш менің адал Арымды, бір аласарсам –Ізгілік үшін ізгі бір күнә жасасам, жан аға!..1989 жыл, 9 наурыз.Сыңғырлау.