ВЕРНУТЬСЯ

Жайқалған жауқазын гүлдей,Жайнаған жап-жарық күндейЖаным-ау, жүрдік қой өмірЖарқ етіп өтерін білмей. Жазылмас жараны салдың,Жабырқап жалғыз мен қалдым.Жаныма мұң сыйлап әр күн,Жабығып жағаға бардым.        Қайырмасы:Қайдасың, ғашығым?!Қаракөз асылым.Қасымда сен жоқсың,Қамықтым, жасыдым. Сабылтып сары сағым,Сансырап, шаршадым.Сезімім сел болып,Сені іздеп, аңсадым.Шалқыған көрікті көлден,Аңқыған ақ самал желденӨзіңді іздедім, жаным,Өмірде бір жүрген жерден. Басымнан көшкендей бағым,Жасымнан өшкендей жалын.Қайғыда қалдырып мені,Қай жақта жүрсің сен, жаным?!         Қайырмасы.2011 жыл, 18 қазан.Ақтау қаласы.