ВЕРНУТЬСЯ

(мысал)«Әлемге болып жарты құт,Күлмеңдеп күлсе Күн шығып;Іңірде қайта Ай туып,Жалғасып жатқан Тіршілік..»(Балта Қосбармақ) Ай мен Күннің арасында от тасып,Айла-түлкі «алжығанда» тоқтасып;Тартылғанда амалының арнасы,Тауық-шыдам тызақтады шоқ басып. Жер қозғалса қозғалмайтын нар текті,Тезіне сап, тез түзейтін тентекті;Салмағынан қайысатын қара жерСабыр деген сары қақпан сарт етті. Асығысқа апан дайын қайда да,Беу, төзім-ай, бассыз құсты байлама!Сабыр-қақпан сабалатқан қанатынЖелік-шыдам жем болды кеп Айлаға.Кеш өкініп, соң сілтейтін келтекті,Марғау иттер жатқан тыңдап ертектіАттан салып, ауыл-елді оятып,Ашулана Сақтық-төбет арп етті. Сақтық-төбет сарбаздарын шақырды,Шақырды да, шабалана атылды.Айла-түлкі адастырып кетті ақыр,Аңқау Сақтық «Арман-ай!» деп, аһ ұрды. Ақыл жоқта – Айланың да мысы мың,Қызыл иттің қыжылдаған ішініңТереңінде қыңсылайды қысыр үн.Түнгі ұйқысын түлкі түткен ҚожайынҚоса байлап қойды Күдік-күшігін...1991 жыл, 9 желтоқсан.Алматы.