ВЕРНУТЬСЯ

Анда-санда болмаса, ақынның ажалы – көп жағдайда Махаббаттан. Өйткені, ақын – сезімдер соғысының құрбандығы. Сүйдің бір кез...Ол анық,Мен де сүйіп, өпкенмін.Мейірімің жоғалып,Мені неге жек көрдің!? «Жаным» дер ең құшақтап,Жазу болсам тастағы.Ұлы сезім ұсақтап,Ұнаттың ба басқаны?! Сыңайыңды сезгемін,Сырт айналдың несіне?!Түңілдірген кездерімТүсті ме әлде есіңе?!Қараңғыда қармана,Қан басты ғой көзімді.Салдың неге саудағаСаф тап-таза Сезімді?!Қара дүлей бір мықтыңҚайырғандай топшымды.Енді мынау тірліктіңЕшбір мәні жоқ сынды. Осыларды ойласам,От боп жанар өзегім.Қол созғандай Айға санҚолайсыздық сеземін. Оңышпадым әйелмен,Онсыз-дағы аз несіп.Кейде байтақ әлемненКеткім келер баз кешіп. Ей, жүрегім, сормаңдай,Емес дүние, үй қайғы –Кетер едім ойланбай,Кейінгілер қинайды…1992 жыл, 7-8 қыркүйек.Сыңғырлау.        *      *     *Талай қыздың ішіненТаңдап сүйген бір гүлсің.Қадіріңді енді түсінем,Қамығумен өткен күн құрсын! Қаперсіз салып қиғылық,Қателігімді жаңа ұқтым.Жазықсыз сені күйдіріп,Жаныңа жара салыппын. Ашуға бәрін жықтырып,Ақымақтық істеппін.Барлығын енді ұқтырып,Бармағымды тістеттің. Өз тағдырыңды, әрине,Өзің ойлап, шешерсің.Болады мұндай әр үйде,Кешіре алсаң, кешерсің. Сенсіз көрген күнімдеМағына жоқ, мән де жоқ.Сенсіз өткен түнімдеСауық та жоқ, сән де жоқ. Әлемнің тәжін-тақытынҚайтемін теңеп лағылға?!Сен екенсің ғой бақытым,Сен екенсің ғой бағым да. Шоқ салып бүгін сезімге,Қоламта-ойды үрлеттің.Қасымда жүрген кезіңдеҚадіріңді білмеппін. Қамайды күнде кешкілікҚып-қызыл оттай жалындар.Қадіріңді кеш біліп,Қайғылы болған халім бар. Кері қайтармас ашу бар,Келейін деген ниетің жоқ.Бармайын десем, басым дал,Барайын десем, бетім жоқ. Жүзің де сенің жарқындау,Жүрегіңде қайғы жоқ мүлде.Шыдамым менің сарқылды-ау,Шынымен тастап кеттің бе?! Осындай болар түсінген –Тозаққа тонын салғандай.Сергелдең күйге түсіргенСезімсіз едің сен қандай?! Мына дүние – маған абақты,Мың жерден қина, көнемін.Жасаған солай жаратты,Жазығым сонда не менің?! Жанымды күнде мұң езді,Жалындап тұрған арман мол.Өзгерте алмасам мінезді,Өлу ме жалғыз қалған жол?! Білмеймін – күнәм нешінші,(Бір ғана қайғы – хабаршы).Сонда да мені кешірші,Соңғы рет қайта оралшы! Ағындап аққан бұлақ таАлады таудан ең басын.Екі баламды жылатпа,Еңіреп жетім қалмасын. Соларға кейін мен керек,Сол кезде кімді «Әке» дер?!«Көке» деп кімге еркелеп,Көңілін кімнің көтерер?! Өксумен күнді өткізіп,Өмір бойы қап табаға;Тіршіліктен көрмей түк қызық,Тірі жетім боп қала ма?! Қып-қысқа мынау жалғаннанҚызық көрмесең құмартып;Тірі жетім боп қалғаннанТірі жүрмеген мың артық. Перзенттеріме кім ие-ай?!(Пендеге әр таң – мереке).Опасыз, жалған дүние-ай,Кімдерге бердің береке?! Сезімім тұрмас байласаң,Сендерді, жаным, қимаймын.Осыларды ойласам,Кең жаһанға сыймаймын. Жүрегім менің – құр түнек,(Жүлік достарым бір күлсін).Ішім – дерт те, сыртым – өрт,Сенсіз көрген күн құрсын! Аңқылдап келіп қол алшы,Аялауға тырысайын –Ошағыңа оралшы,Күтемін сені күн сайын...1994 жыл, 14, 15, 19 мамыр.Алматы.*          *          *Сүйгенсің мені басында,Сүйкімсіз болдым, расында.Зорлықпен келген жандайынЗорға жүрсің сен қасымда. Ақырзаманның мен ақыны,Жау екен оған жақыны.«Алдадың, - дедің, - сен мені»,«Алдандым» дедің ақыры. Өзім боп кейде төгілсем,Өлеңдер жазам өміршең.«Ұлы екенсің ғой» деп жүрсем,Ұсақ па едің?!» дедің сен. Іске аспады бір дегенім,Ірің боп ішкен-жегенім.Суытқан әлде көңіліңдіСұлу сөздерім бе менің?!Неге сен суып көңілің,Неліктен менен жерідің?!Сең соққан жандай сенделіп,Сергелдең болды өмірім. Адамын жастық желіктен,Айырмам да аз өліктен.Әйтеуір еріп соңыма,Әуелде сүймей келіп пе ең?! Түбіңде қарау бұқты ма ой?!(Бүгінде әйел мықты ғой).Қыз кезіңде тым жақсы едің,Қылығың кейін шықты ғой. Қолыма құс боп қондың сен,Жолыма гүл боп өндің сен.Бақытымның да басы едің,Сорымның соңы болдың сен. Кеудені қайғы кернеді,Сезімді ақыл жеңбеді.Қиын ба едің, Махаббат,Қиналттың-ау сен мені! Арнар едім әнімді,Аямас едім жанымды –Құлдықтай мынау тамұқтанҚұтқарар мені жан болса,Берер едім барымды!                           1994 жыл, 4 тамыз. Сыңғырлау.            *         *          *Сен кеттің,Кеттің алыс, менен жырақ,                    Отырмын өзің жайлы өлең құрап.Кемшілік менен де, рас, болған шығар,Кешірім өтінбеймін сенен бірақ.                      Өйткені, сен өзің де періште емес,Сезімге бой алдырмас сеніскен еш.Отасқан осынау біз төрт жыл бойыОйымыз екеуміздің келіспеді еш. Сен кеттің,Кеттің жырақ, менен алыс,Сезімді желіккенде жеңеді әр іс.Екеуміз екі жақта тұрмыз, міне,Енді тек арамызды бөледі ағыс. Бұған да тек мен ғана кінәлі емен,Жанымда жап-жасыл боп тұнады өлең.Сарылтқан сарша тамыз күніндей боп,Сағымын сағыныштың қуа берем. Сен кеттің,Кеттің алыс, менен шалғай,Өзіңе жетер ме екен өлең самғай?!Әттең-ай, өзімнен де болған екен –Әуелден тамырымды терең салмай. Енді не,Өкінгенмен пайда да жоқ,Осыған бекідім мен ойлана кеп.Сынауға шебер ғой бұл біздің халық,Сыртымнан сыпсыңдасар айнала көп. Сен кеттің,Кеттің мәңгі – ұмыттың ба?!Мен қалдым тұтқын болып құлып-мұңға.Төбеме көтеріп ем сені бір кез,Төрт жылда көңіліңді суыттым ба?! Әйтеуір менен жаның безінген-ді,Отыңа оралмасыңды көзім көрді.Жүрмін мен әлі күнге тірілте алмайЖөргекте тұншыққан сол cезімдерді.Сен кеттің,Кеттің менен, кеттің мәңгі,                     Аңсаған арманыңа жеттің мәңгі.Есімде елес қылып жаңғыртамынЕшкімге ұқсамайтын тақ тұлғаңды. Қатарға қайтіп енді теңелемін –Дер кезде жібермесе демеп елім......Мен саған қаншалықты қажетсізбін –Сен маған соншалықты керек едің...                                     1994 жыл, 4 тамыз.Сыңғырлау. *            *          *Сені сүйгенмін, жаным,Көңілсіз күйге ендім, жаным.Тағдырдың тас астауындаЛай болып илендім, жаным. Сені ұнаттым, жаным,Нұрысың шырақтың, жаным.Сол нұрды сыйламай маған,Сорлыңды жылаттың, жаным. Сені қаладым, жаным,Бақытқа баладым, жаным.Ал бүгін арман-құсыңаҰқсамай барамын, жаным. Сені таңдадым, жаным,Өзіңсің арманым, жаным.Қиналтты-ау бәрінен меніҚиянда қалғаның, жаным. Сені сағындым, жаным,Жабырқау, жаным мұң, жаным.Екеумізді еңіретердейТәңірге неғылдым, жаным?! Сені аңсадым, жаным,Шалдығып, шаршадым, жаным.Үміттің үйін қар басқан,Келер күн – сары сағым, жаным. Сені ойладым, жаным,Өзіңе байладың, жаным.Сезімге оңай тимеді-ауСенделтіп қойғаның, жаным.                     Сені іздедім, жаным,Сеземін күз лебін, жаным.Күт мені күнбе-күн аңсап,Үмітіңді үзбегін, жаным. Егіліп қаларсың, жаным,Есіңе аларсың, жаным.Сәлемімді алып ұшса екенСамолет-хабаршым, жаным. От болып жанарсың, жаным,Гүл болып соларсың, жаным.Темір емес төзімім менің,Тезірек оралшы, жаным!                                          1995 жыл, 11 ақпан.Ақтау.        *            *          *Сен кеткелі жырым да жылау болды,Көзім – жасты, көңілім – бұлау болды.Саған қарай сан мәрте көтерілгенСындырып тастар ма еді мынау қолды?! Неге сүйдің, жаным-ау, несін мені?!Кесілгір бұл қолым да кесілмеді.Қолға қонған бақытты басқа тептім,Қош бол, жаным!Кеше алсаң, кешір мені! Жарығым-ау!Жасымнан сапарлассың,Талай дәмді бірге енді тата алмаспын.Көп қорлығым көрсеткен еске түссе,Көрімде де мен тыныш жата алмаспын. Өртті жырым төгілді өзегімнен,Кең дүниені кеще боп кеземін мен.Өміріңнен өшсем де мәңгілікке,Көңіліңнен көшпесін сеземін мен.Көп із қалды артыңда тағылымды,Сағынармын салмақты сабырыңды.Ағайынның аяулы келіні едің,Қайран гүлім!Кеш білдім қадіріңді! Қара қарғыс арқалап, қайғы алдым мен,Жалт бұрылып құшағын жайған күннен.Екі бірдей сәбиін есерлікпен«Тірі жетім» атантқан айуанмын мен! Көкесінің көп уақыт білмес үнін,Мен боп бір күн тербейді жыр бесігін.Азамат боп өскесін ақ құлыным,Атымнан тек сұрашы бір кешірім! Жыл артынан жыл өтер, дөңгелер күн,Мезгіл жетіп, ақыры мен де өлермін.Кешіре гөр, анашым, ақ сүт берген,Сені де мен тірілей жерге көмдім!Бейбіт шырқын бұздым мен берекеңнің,Мен кетірдім сәнін де мерекеңнің.Кешір, тума-тумалас, ағайындар,Адамзаттың азғыны мен екенмін. Есіміме ертең-ақ ел күледі,«Ақын емес, пақыр» деп ел біледі.Құтылмаспын тозақтың төрт отынан,Құшағыңа ал, қара жер, енді мені! Мен қара жер жыртығын бітемеспін,Бірақ енді ешкімге құт емеспін.Мендей жауыз келмесін бұл дүниеге,Маһшар күні молама тікен өссін! Айналайын, адамдар, алтынсыңдар,Жаман сөзбен жанымды жаншырсыңдар......Соңғы жырды жазды енді сорлы қалам,Сол қаламды қабіріме шаншырсыңдар!.. 1997 жыл, 3 сәуір.«Маңғыстау-Атырау» пойызы.    *        *          *Дүние, мен қайтейін кеңдігіңді,Қызығын көре алмасам кемді-күнгі?!Өзімді-өзім іштей мүжімесем,Дәл бұған кінәлаймын енді кімді?! Кемтарға пана болған кең дүние,Бір уыс болдың маған енді, міне.Айрылып арманыңнан қалғаннан соң,                    Түкірдім сенің жалған өрлігіңе!          *         *          *Он сегіз күн болды ғой сен кеткелі,Көңілді қайғы-бесік тербеткелі.Түңілдім түрме сынды бұл өмірден,Жанымды жас пенен мұң өрнектеді. Жүректен өшір мені – өшіре алсаң,«Есек» деп еске аларсың – есіңе алсаң.Қайтейін, қатемді мен кеш түсіндім,Кеш мені – егер, жаным, кешіре алсаң! Ұшырдым ақырғы рет жыр-құсымды,Түсінсең түсінерсің түнгі сырды.Өзіме-өзім бірақ өмір-бақиКешпеспін жасаған сол қылмысымды!ҚОШ!..                                       1997 жыл, 20 сәуір.Кулагино.