ВЕРНУТЬСЯ

«Е-е, қарақтарым, заман озды, адам азды ғой бұ күнде. Адамдар асып-тасып кетті ғой. Қайтадан топан су қаптамаса, игі еді..»(Ибраһимнің әкесі Жамал ақсақалдың сөзінен) ...Біздер он бір едік: Нұрхат, Нұрбол, Ибраһим, Серік, Лариса, Ләззат, Мейрамхан, Сәкен, Гүлнар, Нұргүл және мен. 25.04.90. күні Шымқалаға жүргелі тұрғанымызда өткінші жауын сіркіреп барып басылды. Сонда менің жаңбыр тілеген көңілім жан сарайымның түкпірінен осы жолдарды оятты... Құйшы, қара нөсерім!Шерменделердің шерлі көңіліне жас боп құй,Тасжүректердің тағы көзіне тас боп ти!Жауыздық сонда «Мамалап» тұрып жыласын,Көзінен аққан қанды су жүзіне салып жырасын. Құйшы, қара нөсерім!Құныққан құмық-аранға құп-құрғақ қара құм боп құй,Жылаған жетім көңілге жып-жылы ғана жыр боп құй!Ақкөңіл-арық сонда бір асырын салып ойнасын –Ағызып суға арам жүректің қоқысқа толы қоймасын. Құйшы, қара нөсерім!Топан боп алшы тоқтамай, әлемнің төрткүл бұрышын,Тізіліп ағып кетсін бір тірі жүргендер күні үшін.Тек қана жалғыз тілегім:Телегей жерді алса екен,Екінші Нұхтың кемесі тесілмей, аман қалса екен!..1990 жыл, 5 мамыр.Алматы.