ВЕРНУТЬСЯ

Пенде неткен өзімшіл!Ісім – ірік, қылығым – қу, сөзім – шын.Ей, есалаң, есімі көп ессіз от!Мен түгілі, Сен деген –Сергейді де сенделдірген Сезімсің. Ал, қызыл от, жалаңдаң!Сен олайша сайқалсыма, жаман қар!Әп-әдемі ат қойыпты-ау адамдар.Бұлаңдама!Құйрығыңа шоқ басып,Салам қазір Сабыр атты табанға. Сенің тәтті, улы үніңнен, Жалғандық,Қолдан семсер түскенінше қорғандық.Жетер енді!Желкеңді үзем, жезөкше,Көп дәндепсің –Көмек керек болса егер,Көз жасыңды делдал қып.Әй, салдақы!Әйел-тілмен арбама!Әркімді де әулекі етер Сен ғана.Тұтқынымсың.Тулама да, улама,Тұмсығыңды бұзатынТуған шығар ер бала.Жетер енді!Тыйым салам жекіре,Алданатын ақымағың мен емесАқ борықтай елжіреген етіңе.Сорлылардың шоқтай ыстық көз жасынСақ-сақ күліп, шашайын ба бетіңе?! Түстің мықтап қасқыр тісті қақпанға-ай,Сабыр – менің сары алтыным саф таңдай.Сары ерітінді шаштым безбет жүзіңе,Қызарғандай болдың-дағы...О, кенет...Сары алтыным балқып бара жатқандай...1992 жыл, 13 наурыз.Алматы.