ВЕРНУТЬСЯ

«Маңдайың ашылсын!»                                  (Бата)(Башкарға)Үшінші Көз...Үшкіл болып бітеді ол,Қашан бітеді?Ал күте бер, күте бер!..Жоқ, қарағым!Оны саған ешкім әкеп бермейді,Және тағы дөңгелек боп келмейді.Бітеді ол ұшындай боп найзаның,(«Дөңгелек» деп дау айту...Ол қай сарын?!) Мүмкін сенде Үшінші Көз бар шығар,Жас ақпайды, ақпайды одан тамшылар.Оның нұрлы жанарыТәңір жаққа тартылған аппақ жолға шаншылар.О дүниеде төгілгенмен лағылдар,Мұнда одан қарақошқыл қан шығар. Өзінен өзге сенетіні,Алладан басқа арқа сүйері жоқ,Бәріміз де – жалғыз-жалғыз қураймыз.Қайран «Ғұмырнамамыз»...Қайық салсаң – ізі жоқ, көз батырсаң – түбі жоқ,Ағып жатқан судаймыз.Онсыз да өзі сартап болған СананыКүлліәлемдік «ілімдермен» улаймыз.Тастан «Құдай» жасадық,Тақтық көзін көркем қып.Өлексемізді сүйретіп,Өзі түгіл, көзі жоқӨтірік бір идеялар отына да өртендік.Алдыменен «Алғалап»,Ал Ақылға соң келдік. Ей, бейшара!Тәтті ләззат аласың-ау өңез дәмді өз сөзіңнен,Пенделігіңді бүркейсің кеп,Қолдан жасап алған сендік «періштелік» сезіммен.Кеуде керген запыраныңдыЛақылдатып құсарыңа мен кепіл –Сен одан да қарап көрші мынау арсыз дүниегеМаңдайдағы қос үңгірмен,Сонсоң Үшінші Көзіңмен!..1991 жыл, 1 мамыр.Алматы.