ВЕРНУТЬСЯ

Кей-кейде сізді бетке алып,Кешкілік үйден шығатынбыз.Жадыңда бар ма, жоқ па анық,Төртінші қабатта тұратын қыз?! Кездейсоқ сені сүйіп пе ем,Кеудеге сезім қалғандай қонып.Қол бұлғаушы едің биіктен,Қолым жетпейтін армандай болып. Жүрегің жібіп бір демде,Санаңды жаулап, сағындыра алмадым.Төрт жылдай бірге жүргенде,Төртінші қабатты бағындыра алмадым. Ақ бұлтпен, жырым, астасқан,Аспанға асау қарғындай атыл!Қойныңды маған ашпастан,Қол жетпей мәңгі қалдың ғой ақыр. Дәруіш-дүние, дәл білсем,Бір опа көрмей өтем бе өлеңнен?!Оқжетпесім боп қалдың сен,Желжетпес-қиял «Жетем» дегенмен. Көңіліме қаяу салды тек,Кешіріп тұрып, кешірмегенің.Ләззатты шақтар қалды текТіліңде сенің, есімде менің. Сенделіп жүрген сәттердеСері көңілмен сені сүйгенбіз.Есіңде бар ма, жоқ па әлде,Ешкімге ұқсамай мені сүйген қыз?!1994 жыл, 5 қазан.Сыңғырлау.