ВЕРНУТЬСЯ

Салбөксе-ойдың арам қандарын ағызған,Сана төзімі – сарытап, көнбіс сағыздан;«Ғажайып нұрын шашам» деп келіп, шалдықты-ауҒарыштан келіп, ғаламға қонған ғазиз Жан... Жан мұң шақты:«Ұяты кетіп, жабағы жүндей ұйысты ел,Жиіркендіріп жиілеп кеткен сүйістер;Кеңсірігімді керіп бір, жара жаздадыАңқыған арсыз, ылығу, лас иістер.Әу баста менің әруағым үстем, қызғын-ды,Әңгүдік тірлік мұңды жүректі мұз қылды.Санасыз өңшең сағатпен өлшер уақыттыСарыуайымның кілегейіне жүздірді. Сансыз қылмысты санап жүр дейсің сатылап кім?!Ар-көйлегін ағашқа ілді олар атыраптың.Тұңғиығына тұншыға батып барамынТүу түбінен қаңқа көрінген топырақтың»...1991 жыл, 9 желтоқсан.Алматы.