ВЕРНУТЬСЯ

Сазы: Марат Ордабаевтікі. Тағдырға асау бағындым,«Табам, - деп, - кілтін ғаламның».Аңсадым, сені сағындым,Күн сайын күтіп, алаңмын.               Қайырмасы:Сен жоқта сезім сөніп, жаным мұң,Тағдырға айтшы, жаным, мұнша неғылдым?!Қол жетпес арман болып, қойдың аңсатып,Сағындым, жаным, сені,Сені сағындым! Жанарың мені жасқаған,Аспанда жалғыз ай – теңің.Бақытты мәңгі басқаданТаптың ғой, жаным, қайтейін?!              Қайырмасы.Қоспасын Тәңір білсем де,Теңіздей ойда тербелдім.Жанымда күнде жүрсең де,Қолым бір жетпей, қор болдым.          Қайырмасы.Төгілді сезім сел болып,Егілдің, жаным, «қош!» деп сен.Неге біз бұрын көрмедік,Кезіктің неге кештеу сен?!          Қайырмасы.Өзгенің енді жарысың,Өткен күн – өшпес естелік.Сезімнің аппақ ары үшінҚалайық мәңгі дос болып.          Қайырмасы.                                      2000 жыл, 11 желтоқсан. Ақтау.