ВЕРНУТЬСЯ

Мал өргенде тақта қырға,Маң даланы тез бояп от;Кесіп жолын жатқанындаКедергілер кез мая боп – Тұяғымен жара көкті,Тұрысы бір нар пішіндей;Ақ арғымақ аман өтті,Аяғына қан түсірмей. Жарық дүние жан ауыртып,Жан біткенде жас қабырға;Қарлы шыңдар қарауытып,Қақпан-тасын тосқанында – Тойың тарқап, тоналды бақ,Тобыр кілең, қайда қалдың?!Аман өтті ақ арғымақАранынан айдаһардың.Сығыр тағдыр сынар тағы,Соқпағы мол сан бұралған.Құлаш-құлаш қыл арқанынҚұрғанында тор қып алдан – Өлуге адам жаралған-ды,Қалай аман қалар жаның?!Ақ арғымақ аман қалдыАлдауынан арамзаның. ...Жетісесің, жел, несіне-ай?..Жоғалған көл... жоқ қайықшы...Аман өте бермес ұдай,Арғымақты сақтайықшы!..1992 жыл, 14 наурыз.Алматы.