ВЕРНУТЬСЯ

Өзгерткіш һәм өшіргіш кіл кездерімӨз ізімен ұмыттырды өткенді.Көңілсізбін, көк мақта боп көздерім,Күте-күте Көктемді. Мықырайып, домаланған мықыны,Одыраяр орыс сағат-шоқындым:Тағатымды тауысты әбден тықылы,Таяғындай соқырдың. Келіншегім екеуіміз кей уақтаКері қарап отырамыз ұрысқан күн.Өмір жолы оратылар аяққа,Шалмасындай христианның. Бұла жүзді көлегейлеп бұлт еппен,Тас төбемнен тақыс Шалың қарап тұр.Өмір мынау –Өтіп жатқан бір темппен,Тықылындай сағаттың. Ақыр бір күн басымыздан ауатын,Іздегенім – дүниенің шындығы.Тыным таппай, тықылдайды сағатым,Тоқтар о да бір күні...1992 жыл, 14 наурыз.Алматы.