ВЕРНУТЬСЯ

- Шындығыңды айт!Бір тынбай кеп,Ширатылып, шымшылап;Сталиннің мұртындай боп,Ысқырынған бір сұрақ. Оның аты – «Осы рас па?»,Омыраулап, өңмеңдеп;Төбесі – таз, басы – қасқа,Төріме де келді өрлеп. - Шындығыңды айт! – дейді мәңгі,Түндігімді тілгілеп.Кешпейді ол кей күнәмді,Жұдырығын тұр білеп. Ей, сұрақтар, кіл есер көп,Ең ауыры қайғымның:Сендерменен тіресем деп,Сенімнен де айрылдым.Өзім білген өлшемімеӨтірікті суғардым.Сенімсіздік семсерінеСексен рет туралдым. Жалғыз қалдым бір шоғырдан,Жаным – жалғыз, себебі.Қайқы сұрақ қыр соңымнанҚалмай қуып келеді. Қуып келеді...Пенде тұрып,Менде қандай жыны бар?!Түбі мені көрге тығыпТынатұғын түрі бар...1992 жыл, 19 сәуір.Алматы.