ВЕРНУТЬСЯ

Ару-Күн тағы арайын төгіп үлгеріп,Ақша қар-сезім ағып та кетті су болып.Асфальт жолдарын Алматы деген шаһардыңАқкөңіл арық, аямай енді жу келіп! Қыртысын жазып, құрсауын сөгіп Қысыңның,Қиыр көгіме қырандарыңды ұшырғын.Қылшылдап тұрған, қылпыған қылыш-Ашу даҚынабын қайта құшатындығын түсіндім. Тершітші бүгін дүниенің тақыс маңдайын,Тегістей гүлге оранып жатсын шалғайым.Тағы бір жушы,Сезімім жүр ғой сенделіп,Тазалық деген кәусарға шөлдеп таңдайым...1991 жыл, 1 ақпан.Алматы.