ВЕРНУТЬСЯ

Үздігерсің, үні өктем, озған құрбым,Үлгермей салып үзілген түймеңді де;Әйелімнен жасырып жазған жырдыңӘсеріне елтіген күймен күле; Ырқыңнан айрылып, бір сәт тосыларсың,Ыстық жанның шыдамай қуатына ұрған.Сен сонда шошынарсың –Сезімдердің мендегі сұрапылынан. Тебірентіп жаныңды құса мына,Тереңірек күрсініп, сұрақ беріп;Құларсың сосын менің құшағыма,Ессіз күйде еңіреп жылап келіп...1991 жыл, 22 наурыз.Алматы.