ВЕРНУТЬСЯ

 Көпке дейін көнермейді жан сезім –Көңіліңнің айдынына кім қонса.«Келме» дедің,Келмес едім – сол сөзің,Сызып таста жүрегіңнен, шын болса. Жерге түссе, жедел еріп тыста қар,Бақытсыз ғой – бала қайың жылап тұр.....Осы сөзің рас болса, ұстап ап,Сол төртінші қабатыңнан лақтыр! Мұнда ешқандай жоқ көңілді көрініс:Мұнар тарқар –Мұңаймаңыз, жапырақ!..Қиналдың-ау...Қиял, сәл-пәл шегініс –Қимас көзбен қарап тұр ол бақылап... Құлазыма, құлағың сал, қу бұта,Қалқам, бұлай қайғырмайды мұндайда......Жанарымнан жетім-жұлдыз сырғыта,Қайтып барам...Батып барам мұңды ойға... ...Жігерсіз-ау,Жіберме ойды еркіне,Жігіт деген жылай ма екен, о, бәлі?!....Өз қолымен салған сезім өртіне,Құдіретке – жұлдыз-жастың обалы...1992 жыл, 12 наурыз.Алматы.