ВЕРНУТЬСЯ

(мысал)Алау-аптап...Талықсиды тастарың,Солығын бір баса алмастан шошқа-Күн;Шатынайды жұлып сары шаштарын.Құшағына құлайды кеп сонан соңӨзі өртеніп жатқан Дала қасқаның,Артында қап қызыл арай-Аспаным. «Не көрінді саған, саған, саған?!» - деп,Сабыр айтып, шаншылады манар Көк.Күн жынданды: «Тиіспеңдер маған!» - деп,«Жыныма осы тиіп бітті Адам», - деп,«Күлін өртеп, жанын қазір жағам», - деп. Қаны қайнап, қара терге малшынды-ақ,Қара шәйнек секілденіп қалшылдап;Улы уытын төгеді кеп бар шындап.Тасыр Күннің талқысына шыдамай,Жер дөңбекшіп, Тау күрсінді, Жар шулап......Кенет, кенет...Батыс жаққа қарадық:Көкжиекке қанат жая таралып,Көлбей жүзіп келе жатты қара бұлт...Көкбеттеніп, мың құбылды Күн жүзі –Көрініп тұр көк Аспаннан бәрі анық. Қара қолдар...Шапалақ кеп шарт етті,Тентек Күннің көзінен от жарқ етті,Ашулы үні Көкті тіліп, барқ етті.Аспан асты – алағай да-бұлағай,Жасын ойнап...Жылады Күн, зар төкті... Алды ақыры «сыйын» содыр ант атып,Майса белдер жонын жазды марқа-түк,Шалшық болып тұрып қалды сары қатық.Тасыр көзден тамған ыза-тамшыларБоз бедеге сіңіп жатты сор татып...1990 жыл, 21 шілде.Сыңғырлау.