ВЕРНУТЬСЯ

Біздің ақырзаман

Беймарал күй бар денеде,Бермеді Құдай тілекті.Алыстап кеткен кемегеАйқайлауменен күн өтті. Айлақтан жүзіп әрі өтті,Аялдамады сұм кеме.(Алдауға бүгін бәрі епті,Адамдар аман жүр неге?!). Қайырылмауға серт еткен,Қайырым, сірә, жоқ, тегі –Жағалау жақтан жалт еткенЖалғыз жарыққа беттеді. Қарғадым сонда қағына,Қабағын түйіп баршын-Көк;«Жанымның жартастарынаСоғылып, қирап қалсын!» деп.Аласұрдым да, қайғы іштім,Ажал алдындағы пендедей.Аралда қалған байғұстыңАдамға күнін бермегей! Сан ойға қақпан құрдым көп:«Шайқаста жүріп өлер ме ек?!».Амалсыз күтіп жүрмін тек,«Ақырзаманым келер» деп. Кеудемді кесп

Әйел

Бұл неткен шу – бота боздап, бұлт иген,Арсыздар ма, айтшы, саған кім тиген?!Судан шыққан сүмелек ит секілдіСүдініңе болайын сол сүмпиген! Бұл неткен күн – бозмая бұлт иген күн,Бозғыл өңің сұрқындай сұр шинельдің.Айналайын, айтшы, саған тиген кім?!Жел жапсын да етегіңді ашылған,Мен салайын ағытылғанын түймеңнің. Жә, боздама!Қарашы өзің сұрыңа,Қаншық қасқыр секілденіп ұлыма.Тек еркекті жібітеді көз жасың,Ал есердің тиеді ол жынына. Сен – ғаламның сезім-мөлдір бұлағы,Сенсің елдің Құдайы да, Құраны.Сен бетіңді басқан кезде жұмыр ЖерБала-бұлтпен басып бетін тұр, әні.Түріп аш та түмен-қайрат түнд

Айдын су

(экологиялық өлең)«Сыңар құспен де сырластым...»                                              (Есенғали Раушанов) Асқар тауды аласартар айбын бар,Ей, айдындар, айдындар!Ақ бұлттарға алақаныңды жайдыңдар.Көбігіңе көп түкірген қай мұндар –Сілекейдей сірнеленген мұңың бар,Қырыққабаттай қатпарланған қайғың бар. Жақсы еді ғой бұл күніңе жолықпау –Өз биігін өлшей алмай өліп қау;Бел ортадан үзілгендей берік бау,Етек жаққа түскендей ме еріп тау –Толқындарың топан-дария тұрғызған,Толы суың тобығымнан келіпті-ау.Әлі де бір әруақ шақыр, әрің кір,Құдіреттеніп, құба шыңды бағындыр.Шапшы, толқын

Есекдәме

«Жепсің Желтайдікін,Кесіпсің Келтайдікін!..»                             (Бұрынғылардың боқтауынан) Барлық халық оқитын,Салқам шайыр болмаспыз, ә, біз бәлкім?!Шайыр біткенді тотитып,Қу боп алған қыздар тым. Барлық ғаріп бас иер,Байтақ ақын бола алмаспыз мүмкін біз.Шынашағын шошайтып,Шай құймас та сылқым қыз. «Алдап кетер кез-келгенАқын біткен ақымақ» деп кім айтты?!Ащы әзілі ет жақынның көз көргенАқ теректі мұңайтты.Қу кеудеме құйғансиды жылу қар,Құшақтамақ болар мені – ол аз ба?!Жапырақ-жапырақ мұңым барЖарты жапырақ қағазда. Қу көңілді жүдетіп,Құлағымнан кетпей қойған сы

Ақиқаты осы...

Атқан таң мен батқан күндей Шындық бар... Аттамай-ақ ала жібін шындықтың,Аштан өлмей, көшке ерген ғой атамыз.Уағызы мансұқтайтын ұрлықтыҰлы томды ұрлап бара жатамыз. Түндер бойы май ішкендей мазамыз,Төңбекшиміз, түріп тастап түндікті.Ұлы-ұлы томдар сосын жазамыз –Уағызы мансұқтайтын ұрлықты. Күле қарап, күл шашатын өткенге,Мазақтайын маска киген бетіңді.Адам біткен алдамшы боп кеткен бе –Афинаның ақындары секілді.*_________________________________*Ежелгі Афинада V ғасырда өмір сүрген ақындар кез-келген шығарманы жазарда сондағы кейіпкерлеріне орай киініп, маска тағады екен.

Страницы