ВЕРНУТЬСЯ

«Жепсің Желтайдікін,Кесіпсің Келтайдікін!..»                             (Бұрынғылардың боқтауынан) Барлық халық оқитын,Салқам шайыр болмаспыз, ә, біз бәлкім?!Шайыр біткенді тотитып,Қу боп алған қыздар тым. Барлық ғаріп бас иер,Байтақ ақын бола алмаспыз мүмкін біз.Шынашағын шошайтып,Шай құймас та сылқым қыз. «Алдап кетер кез-келгенАқын біткен ақымақ» деп кім айтты?!Ащы әзілі ет жақынның көз көргенАқ теректі мұңайтты.Қу кеудеме құйғансиды жылу қар,Құшақтамақ болар мені – ол аз ба?!Жапырақ-жапырақ мұңым барЖарты жапырақ қағазда. Қу көңілді жүдетіп,Құлағымнан кетпей қойған сыңғырсың.Кінәсіздеу кірпіктері дір етіп,Жырым бұлттың жыртығынан Күн күлсін! Бағасы зор басымның,Титан тұлға бола алмаспыз, кім білсін?!Бірақ соңғы Ахиллесі ғасырдыңБіз боламыз!(Білгін шын).1992 жыл, 16 наурыз.Алматы.