ВЕРНУТЬСЯ

Жұлдыз-ғұмыр

Айыра алмай асылтас жүзікті Айдан,Кейде ұқсатам тобыққа мүжіп қойған.Мекеніне орныққан мың сан жұлдыз –Менің картам секілді сызып қойған. Несібеден демессің бұлар кенде,Неғайбылдау бір күмән тұрар менде.Жын жайлаған кеудеге жыпырлатыпЖұлдыздарды тағуға құмар пенде... ...Үмітіне көз тігіп Үр-қыз атты,Қылаң-көңіл қиялын қырға ұзатты.Түн көзінен мөлт еткен тамшыдай боп,Түу биіктен зымырап жұлдыз ақты. Ай-бейшара Аспанға асылады,Күн-құдірет көрінуге асығады.Уыз-тірлік ұйыған быт-шыт болып,Шартарапқа шапақтар шашырады.Түн бауырын сөгілтіп төсеп тұрған,Көзі түскен қиырды көшет қылғанКүн шуағы күл

Аты жоқ өлең

«Барлық жұлдыз бір күнде сөніп,Барлық арман бір күнде өліп;Дүниені қараңғылық құрсап,Қараң қалды» деп ойлашы бір сәт.Сонда сен қайтер едің, Пенде?!.2002 жыл, 4 наурыз.Ақтау. 

"Шабыттан" кейінгі шамырқану немесе Астананың ақындары

«Талантты өлтірудің ең оңай жолы бар: елемей қойсаң, жетіп жатыр».(авторын ұмыттым)                          Ұлы ақындар ұсақтамай өледі,                         Қанында өжет қайсарлық бар, себебі.                         Кейде менің бар қызықтан баз кешіп,                         Кең дүниені кезіп кеткім келеді.                          Дәруіштік өмір қандай ғажайып!                         Диуаналар жайлы өлең жазайық.                         Таза бұлақ суын ішкен тарландар                         Онсыз-дағы бара жатыр азайып.                          Аламанның бәйгесіне ағыла,           

Күзгі элегия

                         Бір-бірінен аумайтын сұрғылт күндер,                        Жүрегімнен жұлқынған жыр күттіңдер.                        Іші түтін болғанмен, сырты бүтін,                        Іркес-тіркес керуенді ілбіттіңдер.                                                Көксегені көңілдің – Көктем едің,                        Белгісіз бір биікке беттеп едім.                        Орманымды тонайтын болғасын ба,                        Осы неге Күзді мен жек көремін?!                         Сұрғылт күндер,                        Суықсың неткен, жаным?!                        Ары

Тірлік туралы пәлсапа

Қу тірліктен қанжілік боп қажыдым,Салатұғын әнімнің де сазы – мұң.Қара терек қайғы болды қазығым,Уменен тең уайым боп азығым. Ойлап тұрсаң, осы дүние – тор екен,Заманынан озып туу – сор екен.Таланына жазылмаған нәрсені«Тағдырынан тартып алам» деп жүргенПенденің де пейілі тым зор екен.Өмір деген – өлшеуі жоқ нәпсі менИманыңмен итжығысқа толы екен.Жер түбінде жеткізбейтін қу арман,Шерге толы шет-шегі жоқ жол екен.Адам деген – арман қуған айкезбе,Жарық дүниеде жаратылыстың қоры екен.Өлім деген – тәуір қиял, тәтті у,Өлшемі жоқ сол арманның соңы екен.Мейірімсіз мынау әңгі әлемдеМенің ешбір тойла

Страницы