ВЕРНУТЬСЯ

Ағаны аңсау

(Абзал азамат, ардагер ұстаз, ақын, журналист Сайын Әділханұлының рухына) Жарық жұлдыз жарқ етеді де, сөнеді,Пенде үшін ғұмыр қысқа, себебі.Жақсы адамдар жан-жағына тек қанаШұғыласын шашу үшін келеді.Ақ Сәкең де мынау қысқа тірліктеМаңайын тек мейірімге бөледі.Халық үшін қызмет етіп қаламы,Өмір жайлы сыр ақтарды өлеңі.Жаны жайсаң адам еді, жан-жақты,Тұла бойда тұнып тұрған өнері.Ұстаз болып, ұлағатты сөз айтты,Ұрпағына өнеге қып өрелі.Терең оймен, тебіренген сезімменТектілермен кеңес құрды келелі.Жиын-тойдың, ортасының гүлі еді,Еркелеген ел ішінде ерегі.Жұрты үшін жүрегіне жүк түсі

Шабаз Иманалиевке

Илаһи жырлар – жүректен,Ислам – оған таразы.Уа, иманын әркез ту еткенИманалының Шабазы. Селкеу түсірмей сенімге,Шиеленген түйінді шешкен жан.Ақын боп келіп өмірге,Азамат боп ғұмыр кешкен жан. Ел ішіндегі ерегім,Топ ішіндегі серегім.Ілкіде сізден тапқандайІздеген жандар керегін. Біздерді «Жас қой» демедің,Білгеніңді айтып, демедің.Өзіңнен болам көргендейӨткен күндердің дерегін.«Абызға лайық» дер едім,Аталы сөзді алған күн.«Аңызға лайық» дер едім,Тағдыр жолдарын тарланның. Аспанға биік теңедімАсқақтығын Сіздегі арманның.Мен Сізді, аға, көремінСарқытындай кешегі кемеңгер шалдардың. «Көрсеттік

Азамат

(Ибрагим  Жақсымбетовке)«Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа...»                                         (Төлеген Айбергенов)Астамсынған көңілімен адам-пенде аспанды да тез көрген,Алла берген «Ал, шүкір!» мен қанағатқа тояттамас кез-келген.Ақиқаттың ақыр түбі шың басына шығатынын сезгенмен,Өткен күнін өлшеместен Уақыт атты безбенмен;Алтын шыққан жерді кейдеҚоры сарқылса, қолындағы жез көрген,Еңіреген ерлерімді елін сатқан ез көрген.Қасиетсіз ондайлардың қабырғасын қақыратар – қара орманды сөккендей,Халық бұған төзе алмайды – алып бұған төзгенмен.Аллатағала «Жайнасын» деп жар

Амал

Амал күні қазағым көріседі,Көрісу, бұл – көненің желісі еді.«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп,Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп.Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп,Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп. Көріседі – қайғы-мұң кетіруге,Көріседі – қайтадан жетілуге.Алты ай қыстан арыған жанын демеп,Көріседі – бел буып, бекінуге. Ағайынды араздық ірітеді,Ауызбірлік, ынтымақ-үгіт – емі.Ескі жылда қатқан мұз, қалған сыздыКөріскен күн көңілмен жібітеді.Бұзуға бұл дәстүрді еш бата алмайды,Тірі пенде тып-тыныш жата алмайды.«Ырыс алды – ынт

Қалықтап Қайып зарлық салған әні...

«..Бейнеуде қойтасы көп қорым жатыр,Бейіті біздің елдің сол болады..»                                          (Есенғали Раушанов)Қалықтап Қайып зарлық салған әні,Шарықтап шағыл құмда жол қалады.Таңдайы кеберсіген бір аймақ бар,Табаны тарландардың сол болады. Боздайды бозөкпе-жел ботадайын,Қозғайды шер-мұңыңды қопадайын.Бекеттің әруағы жар боп жүрер,Бейнеуге басыңды иіп өт, ағайын!1995 жыл, 22 наурыз. Ақтау.

Страницы