ВЕРНУТЬСЯ

Бұлдыр болашақ

 Егер қазақ ел болмаса,Ез-күншілге ем қонбаса –Жағасында тұрар оның қалтаңдап,Бір ақбас шал белуардан сақалы;Қасіретті жанарлары жаутаңдап,Қайран Арал жассыз жылап жатады. Егер біздер ел болмасақ,Келеңсізді кең қолдасақ,Тістілерге тізе бүксек шайқаспай –Жан алқымда жауыздықтың пышағы;Сұлу Семей сұлық жатқан науқастайҚол басындай қорғасындар құсады. Жүректерге жыр құймасақ,Құздан төмен құлдиласақ –Қадір тұтып хас асылдың қаңқасын,Адал жүрек амалсыздан ай бағар.Баға жетпес бала жанар БалқашымҚұс ұшпайтын қу медиенге айналар. Көңілдерде жыр жанбаса,Көкіректер нұрланбаса –Қанға толып қауыздары

Естіртуші үнінен...

 Естіртуші үнінен:«Бекем болың!..» деп келген;Әкем өлген күні менХабаршыны жек көргем. Шошып ажал түрінен:«Әкең өлді!..» деп келген;Әкем өлген күні менСүйекшіні жек көргем. Жарқын жаздың түніненҚайғы толы леп келген.Әкем өлген күні менҚара түнді жек көргем. Тұңғыш рет шыныменБастан қайғы өткергем.Әкем өлген күні менӨзімді-өзім жек көргем. Жаймашуақ күнім ең,Қасірет-мұң дөп келген.Әкем өлген күні менӨмірді де жек көргем.1987 жыл, 27 қыркүйек.Сыңғырлау.

Жаз нұрындай жанымызда жүргенде...

 Жаз нұрындай жанымызда жүргенде,Қайран әке, қадіріңді білгем бе?!Өміріңе өкпе-налаң жоқ жандайКете бардың қош айтыспай бір демде. Асқарлықтан айрылмаған қалпыңда,Осылайша құлады бір нар тұлға.Елі-жұрты еңіреп көп жылады,Қалды аңырап алты ұл, үш қыз артында. Ызғар шашқан суық хабар қаралыКүллі аймаққа жай оғындай тарады.Анамыздың жоқтау айтқан ащы үніҚан жылатты жүректерді жаралы. Тоқтап мәңгі өмір-күрес майданы,Бір тіршілік жердің астын жайлады.Желкемізден жерге тығып жетімдік,Көлдей тұнық көңілдерді лайлады. Көрін қазып, қара жерге көм, мейлі,Қайран көңіл қазасына сенбейді.Сорлы жүрек бар

Әке қабірі басындағы ант

 Армысың, Әке!Басыңа келіп тұрмын мен,Төбел төбеге айналарыңды кім білген?!Дүрбелең тірлік, дүниеден мынау қол үзіп,Тірілер өстіп топырақ болар бір-бірден. Ардағым менің!Сағынып келдім өзіңді,Шерленіп жүрек, шешіле егіліп-езілді.Сағынып келдім мейірге сараң өмірденСаған ғана тән Мейірім атты сезімді. Ақ Папам менің!Айтылмай қалған дастаным,Ақиық шыңдар аласа сенен, асқарым.Аңсап келдім ғой, алдымнан неге, жан Әке-ау,Айқара құшақ ашпадың?! Алдымнан неге айқара құшақ ашпадың,Аңқылдап жеткен көңілді ортайтып неге тастадың?!Жеті қат жерге жетпей жатыр ма, жан Әке-ау,Ботаңның мынау боздатып салғ

Өкініш

 Арманым жоқ-ты, асқарым,Парызымды тек өтесем.Бақытын тілеп басқаның,Не қызық көрдің,Әке, сен?! Өмір атты бір қысталаңЖуырда бітпес жол шектік.Сол жолда, Әке, біз сағанҚандай бір қызық көрсеттік?! Ери ме көңіл мұз-шері,Еріте алмайды екесің.Бір мәрте болсын, біз сеніҚуанта алдық па, Әкешім?! Жарқырап атпай ақ таңың,Жаның бір шомып буалдырға;Жиырма жыл төсек тартқаныңЖетпеді ме екен тағдырға?! Кім өлтіре алар өрлікті –Қалықтай берсең қыран боп?!Емен едің ғой ең мықты,Ойладық па біз «құлар» деп?! Фәни-дүниені тәрк етіп,Күңіренді жылап күндіз көк:Аңғармай қаппыз жарқ етіп,Ағып түскеніңді жұлдыз

Страницы