ВЕРНУТЬСЯ

 Егер қазақ ел болмаса,Ез-күншілге ем қонбаса –Жағасында тұрар оның қалтаңдап,Бір ақбас шал белуардан сақалы;Қасіретті жанарлары жаутаңдап,Қайран Арал жассыз жылап жатады. Егер біздер ел болмасақ,Келеңсізді кең қолдасақ,Тістілерге тізе бүксек шайқаспай –Жан алқымда жауыздықтың пышағы;Сұлу Семей сұлық жатқан науқастайҚол басындай қорғасындар құсады. Жүректерге жыр құймасақ,Құздан төмен құлдиласақ –Қадір тұтып хас асылдың қаңқасын,Адал жүрек амалсыздан ай бағар.Баға жетпес бала жанар БалқашымҚұс ұшпайтын қу медиенге айналар. Көңілдерде жыр жанбаса,Көкіректер нұрланбаса –Қанға толып қауыздары гүл біткен,Қойындасып өлілер мен тірілер;Күлкі қашып күлімдеген тірліктен,Күллі дүние күл-қоқысқа көмілер...1989 жыл, 23 қазан.Алматы.