ВЕРНУТЬСЯ

 Естіртуші үнінен:«Бекем болың!..» деп келген;Әкем өлген күні менХабаршыны жек көргем. Шошып ажал түрінен:«Әкең өлді!..» деп келген;Әкем өлген күні менСүйекшіні жек көргем. Жарқын жаздың түніненҚайғы толы леп келген.Әкем өлген күні менҚара түнді жек көргем. Тұңғыш рет шыныменБастан қайғы өткергем.Әкем өлген күні менӨзімді-өзім жек көргем. Жаймашуақ күнім ең,Қасірет-мұң дөп келген.Әкем өлген күні менӨмірді де жек көргем.1987 жыл, 27 қыркүйек.Сыңғырлау.