ВЕРНУТЬСЯ

Мұрагер мұңы

«Қырық тоғызда – бір мүшел»,Қызыққа кезің елікпес.Кемшілігіңе күлгіш елЖетістігіңе желікпес. Жылауық бүгін жыр біткен,Жылытар жүрек жоқ па екен?!Қым-қуыт мынау тірліктенҚырық тоғызында өтті Әкем. «Алпыс бір жаста – бір мүшел»,Пайғамбар жасы болар ол.Артық мініме күлгіш ел,Сайқал күлкіңе сала бер! Қияға самғағанменен,Әкешім кетпес көңілден.Пайғамбар болмағанменен,Ақ-адал кетті өмірден. Әкесін күтіп әр күні,Жаман немерелер жол қарап;Артыңда қалған алты ұлыАрманын алға жалғамақ. Үш қызы – үміт-алауы,Үзілген жіпке үлкен сеп.Жазылмай жатқан жараныЖан-сарайды ашып бір көрсет!.. Халықтың көп қой т

Әкеммен әңгіме

Әкем менің...Әйгілі адам емес-ті,Қатарымен қарайлас боп, тең өсті.Қара шалдың қарапайым бейнесіКүндер өте тартқандай ма-ау көмескі?!....................................................................... Әкем менің!..Жеткерушім, жебеушім,Қысылғанда Қызырымдай демеусің...Соқыр жаны сорлы Тәнін сүйрегенМынау жалған Тозақ деген дүниеденОл жақтағы рухтарға ең ұлы,Рухтарға мәңгі тозбас өміріДұғай сәлем дегейсің!Сәлем де, Әке!..Сен неге үн-демейсің?!. «Мұндағы өмір – мұндар тірлік» дегейсің,(Ондағылар маған да арнап жер ойсын).Сәлемімді ап, бір-біріне жүгіріп,Өздерінде ӨМІР барын ұғынып,Ол жақтың

Бейіт басында

Әке!Мені әлі күтіп жатсың ба,Қабаты қалың қара жердің астында?!Бағынатын баршамыз да пендемізТабынатын Тәңірі деген тақсырға. Дүние – шолақ,Өмір деген өтпелі,Қанға тоймас қара жердің бөктері.«Кісі болды» деп кінәлама, жан Әке,«Басыма да көп келмейсің» деп мені. Аспанымнан ақ сәулелі Күн шығып,Таң атады, күн батады – тіршілік.Жарық дүние жамалын тез көругеЖанталасқан бір пендеміз құлшынып. Қу тіршілік, қол да тие бермейді,Ауыр жұмыс арқаңа жүк теңдейді.Зиратыңа жиі келіп, басыңаҚұран оқып қайту қолдан келмейді. Сондықтан да «Соқпай маған өтед» деп,Сөге көрме «Ұмытып та кетед» деп.Сәті түсіп,

Дала

Дала – тағым,Теңгермеймін хан тағын,Бас әріппен жазылатын байтағым.«Дала» деген Даладай бұл сөзді менАстын сызып айтамын! Наркескендей намысты ұлдар – арысы,Дала – даңқым, дара естілер дабысы.Күлімдейді байтақ Дала көгіненГагариннің ғарышы! Арай шашып аппақ таңы атады,Шұғыласы шыңды бояп батады.Балуанияз, Досан жортқан төсіндеБатырлардың Отаны! Дей алмаймын «Дегдарлықтан Далам құр»,Жүрегінде жалын атып, жанар жыр.Қажымұқан, Қаралданы тудырғанБалуан білек Далам бұл! Далам!Сенің әр тасыңнан табам жыр,Қаныш, Мұхтар – қара нардай балаң бұл.Даналар мен дарындардың бесігі –Академик Далам бұл! Қыр

Даланы аңсау

Дариға-ай, дала,Құшағың неткен кең еді!Тарылса пейіл, кеңдік қой бізге керегі.Көкірек керіп жұтқанда таза ауаңды,Жаныма менің бір байтақ жырлар енеді. Сондайда көңіл сонау көкпенен таласар,Бұйрат белдеріңді қуалай орап жол асар.Километрмен өлшенбес сенің кеңдігің,О, Далам!Саған байтақтық қана жарасар. Ақынның әркез тіл ұшында ғой жыр-әні,О, Далам менің – қанаттылардың тұрағы!Сағынам сені осынау алып жүрекпен,Көкірегім менің Сағыныштардан тұрады!

Страницы