ВЕРНУТЬСЯ

Дала – тағым,Теңгермеймін хан тағын,Бас әріппен жазылатын байтағым.«Дала» деген Даладай бұл сөзді менАстын сызып айтамын! Наркескендей намысты ұлдар – арысы,Дала – даңқым, дара естілер дабысы.Күлімдейді байтақ Дала көгіненГагариннің ғарышы! Арай шашып аппақ таңы атады,Шұғыласы шыңды бояп батады.Балуанияз, Досан жортқан төсіндеБатырлардың Отаны! Дей алмаймын «Дегдарлықтан Далам құр»,Жүрегінде жалын атып, жанар жыр.Қажымұқан, Қаралданы тудырғанБалуан білек Далам бұл! Далам!Сенің әр тасыңнан табам жыр,Қаныш, Мұхтар – қара нардай балаң бұл.Даналар мен дарындардың бесігі –Академик Далам бұл! Қыратынан қызыл маржан алам гүл,Желбірейді кеудесінде жалау-жыр.Тоқсан сегіз Бельгияға татитынМенің байтақ Далам бұл! Дала!Неткен зор ұлылық тұр мұнда,Сыйғыза алман сені, Далам, бір жырға.Саған деген бар Даладай махаббатЖалттай қысқа бұл жырда!1988 жыл, 2 ақпан.Сыңғырлау.