ВЕРНУТЬСЯ

Дариға-ай, дала,Құшағың неткен кең еді!Тарылса пейіл, кеңдік қой бізге керегі.Көкірек керіп жұтқанда таза ауаңды,Жаныма менің бір байтақ жырлар енеді. Сондайда көңіл сонау көкпенен таласар,Бұйрат белдеріңді қуалай орап жол асар.Километрмен өлшенбес сенің кеңдігің,О, Далам!Саған байтақтық қана жарасар. Ақынның әркез тіл ұшында ғой жыр-әні,О, Далам менің – қанаттылардың тұрағы!Сағынам сені осынау алып жүрекпен,Көкірегім менің Сағыныштардан тұрады!