ВЕРНУТЬСЯ

Дала ұлынан сұра сен...

Қаріптермен қатталмайды ол тым әсем,Дала заңын Дала ұлынан сұра сен.Дала заңын ұғып алмай әуелі,Дала жанын ұға алмассың, сірә, сен. «Күйкілікке күйіп-піспе күбініп,Ерге керек емендейін ірілік.Жарлығына балап соны жазмыштың,Үйрене біл жалғыз сөзге жығылып. Өс санаңа сара сөзді сіңіріп,Жалғыз жая жемегейсің жырылып.Көппен бірге көже ішу де – көп бақыт,Аспан-жердей – ұсақтық пен ұлылық. Арды сатпа, ала жіпті аттама,Ана арманын аяғыңа таптама.Намысыңды наннан биік қадірле,Жүрегіңе жүгін әркез тек қана! Күңіренбе, жиғызбайды күйік ес,Семсерменен шешілмейді түйін еш.Жұдырықтай, жұмыр жердей жүрек

Дала ұлының сағынышы

                     (монолог)Қабағы тұнжыр «қарағым» едім бұрын да,Қалаға келдім – қасаңсып кетті жырым да.Қарлығып қалды үнім де,Қаймығып қалды тілім де.Қаудырлап қалды киімім,Имиіп қалды иінім.Есіткенді еңіреткен,Тыңдағанды тебіренткен,Әншейінде әуелеген әнім қалды әр жерде,Талпына бердім қарманып, тасталғандай тар көрге. Көкірек қабым тарылып,Төрт тіректі тағым жарылып;Аяқ асты айнып ақ теніз,Құбылды құрсап көкше мұз.Жылуы қашып жырымның,Жылауық күйге ұрындым.Күйбең тірліктің күйкілеу мұңы бара бермейтін мұрынға,Қайсар да қатал діңі бар қара емен едім бұрында –Ей, бүгін маған не жорық?!

Даламен сырласу

Қайран Дала!Қасиетіңді ұғар кім?!Сымбаттысы өзіңде ғой шынардың.Қанаттының патшасы да өзіңде,Тағы өзіңде жымысқысы жыланның. Қайран Дала!Қасіретіңді кім ұққан?!Өзіңде атты жарқын күліп тұнық таң.Өзіңде ғой бәйшешектің сұлуы,Өзіңде ғой жылы жүрек жыр ұққан. Құмырсқа да, бозторғай да өзіңде,Табылады алтының да, жезің де.Табиғаттың бар жақсысы бар сенде,Тар емессің тағы қатал сезімге. Қайран Дала!Байтақ Дала, кең Дала-ай!Тұр ғой қатар көгіңде бұлт, толған ай.Қырандарды сорғалатқан кеудеңдеЖыландарды жорғалаттың сен қалай?! Кеткен кезде кереңдікке ет өліп,Өтті зарлап сан саңлақтар от өріп.Жығып

Дала-мінез

Жомарттау кезім – жаңбырлы дала көктемі,Мұңды сәттерім – күзгі даладай, күшім жай.Мендегі мейірім – даланың жазғы от лебі,Қатыгездігім – даланың қатал қысындай.                               1988 жыл, 13 шілде. Сыңғырлау.

Таң

                             Сазы: Ерекен Қорабаевтікі.Көкжиектен күліп тағы атты таң,Күн нұрынан сейілгендей көк тұман.Алтын күннің шуағына шомылып,Шалқар  дала төсін кере жатты паң.                              Қайырмасы:             Мөп-мөлдір менің жанымдай,             Арайлап атқан таңымды-ай!             Осынау байтақ даланы             Тұрасың қалай сағынбай?! Бар айнала тыныштықта мүлгіп тұр,Бүкіл әлем сұлулықты жыр қып тұр.Көк теңіздей көл-дария аспанныңАйдынына алғың келер сүңгіп бір. Хас шебердің өрнегіндей сан қилы,Қазбауыр бұлт көк жүзінде қалқиды.Тамылжыған таңдарын-ай даланы

Страницы