ВЕРНУТЬСЯ

                             Сазы: Ерекен Қорабаевтікі.Көкжиектен күліп тағы атты таң,Күн нұрынан сейілгендей көк тұман.Алтын күннің шуағына шомылып,Шалқар  дала төсін кере жатты паң.                              Қайырмасы:             Мөп-мөлдір менің жанымдай,             Арайлап атқан таңымды-ай!             Осынау байтақ даланы             Тұрасың қалай сағынбай?! Бар айнала тыныштықта мүлгіп тұр,Бүкіл әлем сұлулықты жыр қып тұр.Көк теңіздей көл-дария аспанныңАйдынына алғың келер сүңгіп бір. Хас шебердің өрнегіндей сан қилы,Қазбауыр бұлт көк жүзінде қалқиды.Тамылжыған таңдарын-ай даланың,Саф ауадан саумал исі аңқиды. Таусылмасын, сарқылмасын арманым,Қарай бердім, қарай бердім, қанбадым.Атса таңың – тіршіліктің белгісі,Ата берші, алтын арай таңдарым!1986 жыл, 21 тамыз. Сыңғырлау.