ВЕРНУТЬСЯ

Махаббат пен жомарттық

                              (аңыз)«..Шираздағы түркі аруын періштеге теңер ем,Бір меңіне Бұхара мен Самарқанды берер ем».                                                               (Хафиз) Жер-жиһанды қанға бояп, жаулағанАқсақ Темір атын білмес бар ма адам?!Қатал патша жүріп өткен жеріндеҚалып жатқан қасірет үні зарлаған. Жан баласы қайтара алмай қаһарын,Жер-дүниеге жайған сөйтіп атағын.Айбарлы әмір алды жаулап тағы даАтышулы сұлу Шираз шаһарын. Қалып жатты үй орнында үйінді,Қанша боздақ қыршынынан қиылды.Күл етті де көркем қала сәулетін,Әмір Хафизді әкелуге бұйырды. Жарлық шықса, жан

Үкім

                    (аңыз)Тітіреткен жаһанды Заһар патша,Айбары зор, ақылы аз, амал қанша?!Қара аспанын қайғының орнатадыҚара жүрек зәуімен қаһарланса. Айналасы хан сырын білетұғын –Таныған-ды тағының бір өкілін.Араны обыр, ашқарақ билеушініңАлтын көрсе, ажары кіретұғын. Жан шыдамас жауыздың тозағына,Қарамайтын – адал ма, жазалы ма?Алтыны бар аймақтың – соры қалың,Ілінетін сұм патша назарына. Момын елдің көз жасын жауыпты бұлт,Кегі оянып, жауызға жауықты жұрт....Ашкөз патша азғана нөкеріменОтырған-ды ішіп-жеп, сауық құрып. Үрейлентпек болғанмен үріккенді,Қатал патша қаһарға іліккен-ді –Түсі

Балдәуренді аңсау

 Мен өмірдің өлшемін тар ұғып ем,Асыр салып, теретін дала гүлін;Аттай шапқан уақыт арыныменҚыр астында қалыпты-ау балалығым. Жатпайтұғын бағалап өмірімді –Жастық пенен қарттықтың ара құнын;Алыстатты уақыт со бір күнді,Сағым болып барады балалығым. Жатпайтұғын бағалап, бас ауыртыпЖақсылық пен жамандық аралығын;Алыстады жанардан жас ағылтып,Аңқылдаған алаңсыз балалығым. Алдымда әлі асар бел, жасар іс көп,Уақыттың кешермін әр ағынын.Қартайсам да мен өзім жасамыс боп,Қартаймайды базарлы балалығым! Азаматтың алдында асулар көп,Атан жүгін артады дала бүгін.Жанарымнан жарқылдап шашылғанда от,Балдә

Ой ұшқындары

Қолда барда кетедіБар қасиет асылда.Уақыт деген жетедіБағаласақ, расында.1986 жыл, 10 қыркүйек. Сыңғырлау.                        *** Ойлар, ойлар, ойлар, ойлар жетегіТереңіне тым сүңгітіп кетеді.Ойлай берсең, өкініш көп өмірде,Айта берсең, арманың да жетеді.      1986 жыл, 14 желтоқсан. Сыңғырлау.                     ***Орындала бермейді көңілдегі,Оған бола түңілме, ауыр санап.Сәтсіздік атаулылар өмірдегі –Адамға әрі соққы, әрі сабақ.                         *** Есерге елікпеймін бағым сынап,Бәріне арым – төре, арым – сынақ.Өзімнің өз жолым бар, өз үнім бар,Қайтемін басы жоқтан бағыт сұрап

Терме

Өзендер ақпайды –Бастауы болмаса.Бір ғұмыр тоқтайды –От-жүрек жанбаса.Қос жүрек қосылмас –Сүймесе, күймесе.Шешендер тосылмас –Серпіліп сөйлесе.Мұхиттар туламас –Өр дауыл соқпаса.Дұшпан да тумалас –Араздық тоқтаса.Бәйшешек гүл атпас –Тұқымы піспесе.Ұлын ел ұнатпас –Додаға түспесе.Қасірет улайды –Қуаныш қонбаса.Ақын да тумайды –Анасы болмаса.                              1987 жыл, 26 қыркүйек. Сыңғырлау.

Страницы