ВЕРНУТЬСЯ

Өзендер ақпайды –Бастауы болмаса.Бір ғұмыр тоқтайды –От-жүрек жанбаса.Қос жүрек қосылмас –Сүймесе, күймесе.Шешендер тосылмас –Серпіліп сөйлесе.Мұхиттар туламас –Өр дауыл соқпаса.Дұшпан да тумалас –Араздық тоқтаса.Бәйшешек гүл атпас –Тұқымы піспесе.Ұлын ел ұнатпас –Додаға түспесе.Қасірет улайды –Қуаныш қонбаса.Ақын да тумайды –Анасы болмаса.                              1987 жыл, 26 қыркүйек. Сыңғырлау.