ВЕРНУТЬСЯ

Қолда барда кетедіБар қасиет асылда.Уақыт деген жетедіБағаласақ, расында.1986 жыл, 10 қыркүйек. Сыңғырлау.                        *** Ойлар, ойлар, ойлар, ойлар жетегіТереңіне тым сүңгітіп кетеді.Ойлай берсең, өкініш көп өмірде,Айта берсең, арманың да жетеді.      1986 жыл, 14 желтоқсан. Сыңғырлау.                     ***Орындала бермейді көңілдегі,Оған бола түңілме, ауыр санап.Сәтсіздік атаулылар өмірдегі –Адамға әрі соққы, әрі сабақ.                         *** Есерге елікпеймін бағым сынап,Бәріне арым – төре, арым – сынақ.Өзімнің өз жолым бар, өз үнім бар,Қайтемін басы жоқтан бағыт сұрап?!                           *** Тірліктің көп азап-дерті, мазағы,Қайғы-мұңсыз, бақыттылар аз әлі.Ең ауыр дерт – жан жарасы әркімнің,Жан жарасын Уақыт қана жазады.1987 жыл, 15 сәуір. Сыңғырлау.                            ***Асқарлар көп біздер өрлеп шықпаған,Асулар көп біз өте алмай, тоқтаған.Сол асқарлар, сол асулар – Армандар,Аласармас Армандармен мықты Адам!1987 жыл, 24 маусым. Сыңғырлау.                         ***Тулары ақындардың құламайды,Ақындар сасып, сауға сұрамайды.Ақынның әділетсіз өлімі деМәңгілік жауыздықты қылады әйгі.                          *** Ананың орнын дара аңғар,Анадан жүрек от алды.Анасын сүймей адамдар,Демесін: «Сүйем Отанды».1987 жыл, 26 қыркүйек.Сыңғырлау.                   ***Байыппен байқап, барласаң,Адам мен қоғам – жалғас ән.«Адаммын» деуің бекер сөз –Қоғамға қажет болмасаң.                  ***Туған жерде туған талай асқақ ән,Көрем ыстық сезімдерді тастан әр.Адамзатты сүю деген ұлы ұғымАтажұртты сүюіңнен басталар.1987 жыл, 13 қараша. Сыңғырлау.                           ***Көргем жоқ жыр-майданда бір тыныстап,Аз емес бұл өмірде көрген-білген.Өмірге келгенмін мен от уыстап,Өмірге өлеңдетіп келгенмін мен.                          *** Өлшеусіз Өмір деген майдан ерен,Мейлі, мен қайда барам, қайда келем –Екі елі ажырамас егіздердейҚашанда қасымдасың, қайран Өлең!           ***Аламын керегімді,Беремін берерімді.Өлемін – өлсем де менТу етіп Өлеңімді.            *** Кеудеме қаншама рет мұң толды-ай мың,Құмарды саған деген құрта алмаймын.Мейлі, сен жылатсаң да, құлатсаң да,Өзіңе, Өмір шіркін, бір тоймаймын!               ***Зер салшы көңілменен,(Кеудеде өрілді өлең).Япырау, жыр ғой тұнған,Өлең ғой Өмір деген!                     ***Құлағын түріп тыңдап Көк-Тәңірі,Өрлеген зеңгір көкке өктем үні;Құйылған Қорқыт атам қобызынанӨлмейтін Өмір әні неткен ұлы!1987 жыл, 17 желтоқсан. Сыңғырлау.                      *** Найзағай-дарын жарқ етіп бір сәт қалғанда,Қысқа өмірінде жұлдызша ағып,Айналады екен арманға.Дариға-ай, арман бар ма екенМеңдекештей боп жарқылдап өткен жандарда?!1988 жыл, 15 сәуір. Сыңғырлау.                     ***Түнереміз түпсіз көңіл толмаса,Шытынаймыз көк жүзін бұлт торласа.Болмашыға қабақ шытқан біз пендеҚайтер едік Махаббат та болмаса?!                     ***Кенеттен сараң тартып сазды өмір де,Үйірілер жаралы бұлт жаз-көңілге.Ай қылып айта берсең, таусылмайтынДариға-ай, арман шіркін аз ба өмірде?!                     *** Жүрегім – мұз,                       көңілім – құз,                                           жаным – шың,Тамырларым салқын қаннан арылсын.Мәңгілікке ұйықтап кетсем мен егер,Жаныма кеп жыр бомбасы жарылсын!                     *** Бұлттарына жинап зәрлі бар мұңын, Аспан төксін жұлдыз етіп жаңбырын –Өмірімнің соңғы сәті соққанда,Ар алдында жауап берер шақтардаҰялтпай ал, жылатпай ал, Тағдырым!                          *** Туған ел!Тоқтатып мен тірлігімді,Қайтадан көре алмасам нұрлы Күнді:Аққудың сұңқылынан сырымды оқып,Қыранның қиқуынан тыңда үнімді!1988 жыл, 26 маусым. Сыңғырлау.                         *** Күлер ақын – мәз-мейрам марқайса кім,Мұңданады – түнеріп, ортайса кім.Қорқамын мен: «Талқан қып кетпесе, - деп, -Бомба даусы шаттықтың шаңқай шағын».1988 жыл, 27 маусым. Сыңғырлау.                    *** Мықты атанбас дүлей күш тау құлатып,Ақын емес – қалмаса артында түк.Тағдырым!Тарту етпе ешқашандаЖарты өмір, жарты жүрек, жарты бақыт.                      ***   Гүл өсіп тұр қара жолдың бойында,  Гүл өсіп тұр – ештеңе жоқ ойында.  Жанарлары қанталаған жандарға  Өмір гүлін жаншып тастау бұйым ба?!.  ...Гүл өсіп тұр қара жолдың бойында...1988 жыл, 7 шілде.Сыңғырлау.                       *** Алданбайды сенімі суалғандар,Үрей менен күдіктен құралғандар.Адамдар,Ақын да – бір нәресте ғой,«Ақынды алдадым» деп қуанбаңдар!..1989 жыл, 5 ақпан.Сыңғырлау.